kzruen   info@almaty-university.kz    +77026005500      Версия для слабовидящих     

«Жоғары білім берудегі заманауи педагогикалық технологиялар білім мазмұнын жаңарту» семинар-тренинг өтті

      2020 жылдың  13-14 қаңтарында Алматы университетінде профессор – оқытушылар құрамының біліктілігін арттырудың жылдық жоспарының аясында «Жаңартылған білім беру мазмұны құрамындағы  жоғары оқу орындарындағы заманауи педагогикалық технологиялар» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

         Семинарды «Өрлеу» БАҰО АҚФ ББҚБАРИ жоғары мектептегі оқыту әдістемесі және халықаралық білім беру бағдарламалар кафедрасының аға оқытушысы, педагог-магистр С.К.Комекова жаңартылған білім беру бағдарламаларына үйретті.

         Семинарға – кафедра меңгерушілері, доцент, аға оқытушылар және магистрлер, жалпы саны  35 адам қатысты.

       Семинарға қатысушылар білім берудің жаңартылған мазмұнындағы негізгі бағыттармен көбірек танысты, критериалды бағалау ұғымдарымен, бағдарламаларды оқыту әдістерімен танысты, оқытушының заманауи технологиялық аппараттарын игерді, университетте және мектептерде заманауи сабақты ғылыми талдау және бағалау дағдыларына ие болды, педагогикалық технологиялардың негізгі әдістерін қолдану бойынша практикалық ұсыныстар алды.

          Болашақта профессор-оқытушылар  тренерге екі апталық үздіксіз білім беру курстарын өткізуіне ниет білдірді.

WordPress Lessons