kzruen   info@almaty-university.kz    +77026005500      Версия для слабовидящих     

“Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру” тақырыбында жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми семинар өткізілді

   Біз “Жоғары білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды дамыту тұжырымдамасы” тақырыбындағы ғылыми жоба аясында іс-шараларды белсенді іске асырудамыз, 2019 жылы 20 қарашада сағат 11.00-де вебинар аудиториясында “Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру” тақырыбында жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми семинар өткізілді.

   Семинар Алматы қаласы Әуезов ауданының “Нұр Отан” партиясы қоғамдық өкілі Дәрия Әбіқұлқызының қатысуымен өтті.

         Осы іс-шарада біздің университеттің студенттері мен магистранттары, Абай атындағы ҚазҰПУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, “НАРХОЗ” универитетінің және Еуразиялық технологиялық университетінің студенттері ғылыми баяндамалар жасады. 

          Студенттер өз баяндамаларымен сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды. Әрбір баяндама ақпараттық талдау мәліметтерімен және барлық қатысушыларды қызу пікірталасқа тартумен сүйемелденді, ал үздік ғылыми баяндамалар I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды.

          Семинарды “Құқық” кафедрасының доценті, кафедра меңгерушісі О. К. Қазиев, аға оқытушы Ш. М. Максутхан, аға оқытушы А. А. Құдайназарова ұйымдастырды.

WordPress Lessons