kzruen   info@almaty-university.kz    +77026005500      Версия для слабовидящих     

Жас Отан ЖҚ мүшелері мүгедектер үйіне барып қайтты

2019 жылдың 26 ақпан күні Алматы университетінің Жас Отан Жастар Қанатының Бастауыш партия бөлімшесінің төрағасы Ш.Мамедовтың ұйымдастыруымен «№3 Алматы қаласының психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арналған күндіз болу орталығына» барып, студенттер сондағы  мүгедек жандармен танысып, бөлмелерін жинастырып, ауласын қардан тазартып, балаларға жақсы көңіл-күй сыйлап қайтты.
Бүлдіршіндердің көңілін көтеру үшін алдағы уақытта да мұндай игі шаралар жалғасын тауып, осы орталықтың балаларымен тығыз байланыста бола отырып, мекемемен бірлесіп, көмек көрсетіп отырамыз деген сенімдеміз.
WordPress Lessons