kzruen   info@almaty-university.kz    +77026005500      Версия для слабовидящих     

«Жаңа гуманитарлық білім: 100 жаңа оқулық жобасын іске асырудағы өзекті мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

           Алматы университетінде  2019 жылдың 16 қазан күні «Жаңа гуманитарлық білім: 100 жаңа оқулық жобасын іске асырудағы өзекті мәселелер» тақырыбында  ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асырудағы әлемдегі ең құнды оқулықтың қазақ тіліндегі нұсқасын болашақ кәсіби мамандардың санасына жеткізудегі барысын жан-жақты баяндау мақсатында дөңгелек үстел өтті.

                Дөңгелек үстел модераторы, университет ректоры Ермағанбетов Мүбәрак Ермағанбетұлы «100 жаңа оқулық» жобасының маңызы мен құндылығына қысқаша тоқтала келіп, бұл жобаның байтақ еліміздің түкпір- түкпірінен келіп университетімізде білім нәрімен сусындап жатқан қазақ балалары үшін таптырмайтын құнды дүние екендігіне баса назар аударды.

         Жиын  қонақтары Ұлттық аударма  бюросының бас редакторы, саясаттану ғылымдарының PhD докторы Мұхтар Жанұзақұлы Сеңгірбай «Әлеуметтану негіздері», «Бизнес коммуникация негіздері», «Оксфорд әлеуметтік ғылымдар сөздігі» кітаптары туралы, Ұлттық аударма бюросының редакторы, дінтану ғылымдарының PhD докторы Дәурен Дариябек С.Ковидің «Жасампаз жандардың жеті дағдысы» кітабы жайында,  Ұлттық аударма бюросының редакторы Серік Үркімбаев Э. Гомбрихтың «Өнер тарихы», С.Пинкердің «Тіл инстинкт» кітаптары жайында, университет тәрбие ісі жөніндегі проректоры, заң ғылымдарының PhD докторы Сағат Құтбанұлы Әлдекенов М.Н.Шоның «Халықаралық құқық» кітабының жастар үшін маңыздылығына жан-жақты тоқталып, баяндама жасап, кеңінен ой қорытты.  

                 Профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер тарапынан қойылған сауалдарға Ұлттық аударма бюросының мамандары  толыққанды жауаптар берді. 

WordPress Lessons