Университет Алматы один из лучших ВУЗов Алматы и ВУЗов Казахстана

kzruen   info@almaty-university.kz         +77026005500      Версия для слабовидящих

Үздік ғылым кандидаттары марапатталды

26 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында «Bilim-orkeniety» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастырумен «Үздік ғылым кандидаты-2019»  атты Республикалық байқаудың қорытынды жиыны өтті. Айтулы іс-шарада ғылым жолындағы педагогтардың еңбектері еленіп, «Үздік ғылым кандидаты» төсбелгісімен марапатталды.     Ұйымдастырушылардың мәліметінше байқауға республика бойынша 525 ғылым кандидатының өтініші келіп түскен. Оның ішінде тек қана 135 ғана үздік деп танылған.

Аталған марапатқа Алматы университетінің екі бірдей ғалымы ие болды. Атап айтқанда Педагогика мектебі, Жаратылыстану және гуманитарлық мамандықтар кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Селкебаева Айман Тоқтасынқызы мен Педагогика және психология кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Акрамова Алия Смағұлқызы «Үздік ғылым кандидаты» төсбелгісімен және дипломға ие болды.

Әріптестерді «Үздік ғылым кандидаты» болғандығымен құттықтаймыз. Еңбектеріне табыс тілейміз!

WordPress Lessons