Университет Алматы один из лучших ВУЗов Алматы и ВУЗов Казахстана

kzruen   info@almaty-university.kz         +77026005500      Версия для слабовидящих

Ғылыми жобалар

Ғылыми қызмет университеттің жемісті қызметінің қажетті шарты болып табылады. «Алматы» Университетіндегі ғылыми-зерттеу жұмысы жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құраммен, бұл профессормен, доктормен, ғылым кандидаттарымен орындалады.

Профессорлық-оқытушылық құрамның жоғары біліктілігін ескере отырып, оқытушылардың ғылыми қызметі ЖОО және мектептер үшін арналған монографиялардың, оқулықтардың және оқу-әдістемелік көмекші құралдардың, шетелдік, халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциялары жинақтарындағы ғылыми мақалаларды жазудан тұрады.

Есептік кезеңнің ішінде «Бизнес және құқық», «Педагогикалық пәндер» кафедраларының оқытушыларымен «Жасыл экономика» ҚР тұрақты дамуының жаңа векторы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық қызметті құқықтық реттеу»; «Құзыреттілік тәсілі мәнмәтініндегі педагогикалық мамандықтардың білім беру бағдарламаларын дамыту» тақырыптары бойынша ғылыми ЖОО ішілік жобалар орындалған болатын. Ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша алыс және жақын шет елдеріндегі ғылыми журналдар мен материалдар жинақтарында 13 мақала, нөлдік емес импакт-факторы бар 2 мақала және 3 монография жарияланды.

Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыруға қатысты ЖОО ішілік конкурсты жүргізу туралы Ереже

WordPress Lessons