kzruen   info@almaty-university.kz     Версия для слабовидящих
              Call центр   248-57 -48 (вн. 118)   +77026005500  +77789558055   +77771163096   +77752157835

«Үздік ұстаз» төсбелгісімен марапатталды

         Білікті де білімді профессор-оқытушылар құрамы, кәсіби тұлғалар білімге ұмтылған студенттер – осының бәрі жиналып келіп – ел мақтан ететін оқу ордамыздың мәртебесін биікке көтеріп отырғандығын мақтанышпен айта аламыз. Бұл орайда университет ректоры, профессор Мүбарак Ермағанбетұлының қосқан үлесі зор.

        Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясы (Қазақстан ПҒА) мектеп, колледж директорлары мен директорлардың орынбасарлары, ұстаздар мен оқытушылар арасында ХI Республикалық тәуелсіз қоғамдық байқау ұйымдастырып өткізді. Байқауға жалпы  78 қатысушы өтініш білдіріп, оның ішінде 10 үміткер мектеп пен колледж ұжымынан, қалғаны ЖОО –ның ғылым кандидаттары, докторлары, және профессорлары қатысты. Нәтижесінде іріктеліп 52 оқытушы бақ сынасты.                                               

     Байқаудың өткізілу мақсаты: кәсіби іс-әрекетінде жоғары нәтижелерге жеткен шығармашыл ұстаздарды анықтау, олардың алдыңғы қатарлы тәжірибелерін зерттеу, тарату, кәсіби шеберліктерін арттыруға қолдау көрсету және жеңімпаздарды марапаттау болатын.                                

    

Осы байқауға Алматы университеті атынан Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы Авдарсолқызы Сайлаугуль қатысып, байқау жеңімпазы атанды. Авдарсолқызы Сайлаугулге арнайы «Үздік ұстаз» деп жазылған төсбелгі, куәлік, сертификат, жеңімпаздардың аналитикалық есептері мен фотолары берілген жинақ берілді.                             

   Бүгiн 26 қараша күні  ZOOM платформасында онлайн форматта қашықтықтан барлық жеңiмпаздарды Педагогикалық ғылымдар академиясының президентi Құсайынов Асқарбек мырза құттықтады.

         Сайлаугул  Авдарсольқызын шын жүрегімізден құттықтай отырып, шығармашылық табыс, бақ-береке тілейміз.

WordPress Lessons