kzruen   info@almaty-university.kz    +77026005500      Версия для слабовидящих     

Университетімізде 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Аналар асыл жандар» атты мерекелік іс-шара өтті

         2019 жылдың 7 наурыз күні университетімізде Халықаралық әйелдер мерекесіне орай университеттің тәрбие ісі жөніндегі проректоры С.Т.Аманғалиева және «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы Ұ.А.Жұмабаеваның  ұйымдастыруымен «Аналар асыл жандар» атты мерекелік іс-шара өтті. Нәзік жандылардың құрметіне орай ұйымдастырылған шараны университет ректоры, профессор Ермағанбетов Мүбәрак Ермағанбетұлы ашып, 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен барша әйелдер қауымын құттықтады. Салтанатты ашылу рәсімінен кейін,  университетте белсенді қызмет атқарған профессор-оқытушылар қауымы  атап айтқанда:  Х.К.Әділбекова, К.Б.Ахатаева, Ж.А.Манжибаева, Ж.Д.Калыбаева  С.Авдросолқызы «Құрмет» грамотасымен марапатталса, С.К.Жубандыкова, Н.А.Алдабергенова,  Н.А.Аллабергенова Ш.М.Максутхан, А.С.Еламанова,Ұ.А.Жұмабаева, Б.Ү.Күребай, Э.М.Жүсіп, З.Ж.Турсынбекова, Д.Ж.Мырзаханова, Р.М.Утегенова «Алғыс хаттармен» марапатталып, гүл шоқтары табыс етілді.

         Мерекелік  іс-шара  концерттік бағдарламаға ұласып, арнайы шақырылған сахна жұлдыздары Классикалық бағытты дәріптеп жүрген «Il_Quatro» тобы «Grande Amore», «Мама» әндерін шырқады және Т.Жүргенов атындағы  Өнер Академиясының студенті, жас әнші  Бағдат Сейдуллаев  «Көркем қыз», «Сенсің» әндерін орындап, көпшіліктің ықыласына бөленді. Университеттің өнерлі студенттері де өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би биледі. Мерекелік кештің соңы Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі –  Бисара Мәкенованың арнайы дайындаған ән шашуымен аяқталды. 

 

WordPress Lessons