Алматы университетінің «Рухани жаңғыру» жоба кеңсесі 2020 жылдың 20 ақпан күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Туған жер» арнайы жобасы аясында «Туған жерге тағзым» атты студенттердің шығармашылық көрме байқауы ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу, шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі екендігіне студенттердің көзін жеткізу.
Шараның кіріспе сөзін университет ректоры, профессор М.Ермағанбетов ашты.
Университеттің студент жастары Құқық мамандығының 1 курс студенттері Фазылхан Әлішер, Ергеш Ерасыл, Педагогика және психология мамандығының 1 курс студенті Советова Марал, Қаржы мамандығының 1 курс студенті Есенгельді Әсем, КпжЖҚҰ мамандығының 1 курс студенті Кәріпбай Дәурен және т.б. өз туған өлкелері жайында әсерлі баяндама жасап, көпшіліктің қойылған сауалдарына жауаптар берілді.