kzruen   info@almaty-university.kz    +77026005500      Версия для слабовидящих     

Тілдер мерекесіне арналған мәдени іс-шара өтті

    30 қыркүйек күні университетте «Тәуелсіздік тірегі – тіл» атты Қазақстан халықтарының  тілдер мерекесіне арналған мәдени іс-шара өтті.

     Кеш алдына тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі  ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту, мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру, үш тілдік саясатты дамыту мақсатын қойды.

     Кешті тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау бағытындағы оқытушылар ұйымдастырды. Кеш үш тілде жүргізілді. Әлемдік тілдер тарихы туралы қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының  4 курс студенті  Мұхамед Үмітнұр, ағылшын тілінің тарихы  мен маңыздылығы туралы  Абдымажит Ақжарқын тоқталып өтті. Студенттер үш тілде өлең оқып, ән шырқады. Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3 курс студенті Қуанышбек Нұрбақыт өзінің «Сөз» өлеңін, экономика мамандығының 1 курс студенті Рахматов Хабибулла Мұқағали Мақатаевтың  «Үш бақытым», екі шет тілі мамандығының 1 курс студенті Жолдасова Анель С.Скачконың «Язык» өлеңдерін оқыды. 2 курс студенті Батырхан Мәді «Балбырауын» күйін орындады.

    Қаржы  мамандығының 1 курс студенті Есенгелді Әсем «Безкозырка белая», құқықтану мамандығының 1 курс студенті Ерасыл Ергеш Qest Pistolsnтың «Ты так красиво», Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының 2курс студенті Пайзуллаев Арзум «Быт может ты», екі шет тілі мамандығының 4 курс студенті Оразбаева Асель «Diamonds » әндерін орындады. Кеш барысында көрермендерге сұрақтар қойылды. Мақал – мәтелдегі  жасырын тұрған сөзді тауып, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтылуы сұралды.

    Білім алушылар тіл–достықтың кепілі, үш тұғырлы тіл уақыт талабы, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру саналы да парасатты әр Қазақстандықтың борышы екенін ұғынды.

 

WordPress Lessons