kzruen   info@almaty-university.kz    +77026005500      Версия для слабовидящих     

ҚР Тілдер мерекесіне орай «Тіл-рухани қазына» атты өлеңдер оқылды

Алматы университетінде  Қазақстан Республикасы Тілдер мерекесіне орай 2020 жылдың 3 қыркүйек күні «Тіл-рухани қазына» атты онлайн іс-шара ұйымдастырылды.

Бұл іс-шара аясында бекітілген жоспар бойынша  студент жастар Қазақстан Республикасында тұратын барша халықтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған шараның  өтуіне белсене атсалысты. Тіліміздің мерейлі мерекесімен құттықтап, тіл – халықтың тарихы, мәдениеті мен өркениетке қол жеткізудің кілті, халықтар арасындағы достық, бірлік және келісім тірегі екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан халқының Тілдері күніне арнап өлеңдер оқып, көпшіліктің зор қошеметіне бөленді.

Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егер де қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?» – деп тура айтқан. Олай болса, тілімізді қадірлей білейік!

WordPress Lessons