kzruen   info@almaty-university.kz    +77026005500      Версия для слабовидящих     

Тұңғыш Президент күні аталып өткізілді

     1991 жылдың 1 желтоқсан күні тәуелсіз Қазақ елінде, алғашқы сайлау өтіп, онда басым дауыспен Н.Ә.Назарбаев жеңіске жеткен болатын. Осы атаулы дата, міне соңғы жылдары  Елбасы күні ретінде тойланып келе жатыр. Ерекше маңызға ие бұл күн Алматы университетінде  28 қараша күні кең ауқымда аталып өткізілді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны орындалды.

      Салтанатты шараға университет ректоры, профессорлық-оқытушылар қауымы, бөлім қызметкерлері мен студент жастар қатысты.

  Университетіміздің ректоры Мүбәрәк Ермағанбетұлы өзінің құттықтау сөзімен ашып, «Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген күннен ел көшін бастап, бір тізгін ұстап, талай тәуекелге бас тіккен тұлғамыз ол – Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев. Өткенге көз жүгіртсек, осыдан 28 жыл бұрын 1-желтоқсан күні жас мемлекет халқы өз Президентіне таңдау жасады. Сондықтан бұл күн аса маңызды мереке. Бүгінде әлемде Н.Назарбаев есімі ең мақтаулы сөздермен бірге айтылып, оған жоғарғы баға беріліп келеді. Тұңғыш Президент күні құтты болсын! – деп жиналған қауымды мерекемен құттықтады.

      Салтанатты шара жалғасы сазды бағдарламаға ұласып, 1-ші желтоқсан Тұңғыш Президент күні ғана емес,  оның мемлекеттік мерекеге айналғаны айтылып, шараның маңыздылығы арта түсті. Жастар ісі жөніндегі комитетінің белсенді студент жастары Елбасымызға арнап өздерінің  «Арнау» өлеңдерін оқыды, әннен шашу шашты.  

WordPress Lessons