kzruen   info@almaty-university.kz    +77026005500      Версия для слабовидящих     

Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді

           2019 жылдың 12 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тірегі» атты салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараны Тәрбие ісі жөніндегі проректор С.Әлдекенов, «Рухани жаңғыру» жобалық Кеңсесінің жетекшісі К.Ахатаева және Жастар ісі жөніндегі комитет мүшелері ұйымдастырды.

              Шараға университет ректоры, профессор-оқытушылар құрамы және студент жастар қатысты.

       Шара барысында сахна төріне көтеріліп  құттықтау сөз алған университет ректоры Мубарак Ермағанбетұлы өз сөзінде «Бұл – бабаларымыздың асқақ рухы, жан алысып, жан беріскен аманаты алдында тағы бір тағзым ететін тарихи күн» – деп сөз бастап, мерекемен құттықтады.  Тәуелсіз еліміздің дамуына үлес қосып жүрген бірқатар бөлім қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылар қауымын Құрмет грамотасымен және Алғыс хатпен марапаттады. 

       Мерекелік кешке арнайы келген Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, әнші, композитор Ержан Белғозиев көпшілікке әсем әндерін тарту етті. 

           Салтанатты шара соңы мерекелік концертпен жалғасып, студенттер Отанға деген сүйіспеншілігін, мақтанышын әндері мен билері арқылы жеткізе білді. Патриоттық  рух сезіміне толы болған кештің ұйымдастырушылары ерекше ықыласқа бөленді.

        Өнерпаз студенттер  әуелете ән шырқап, жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Тәрбиелік негізде өткен іс-шара студенттер  орындауындағы «Атамекен» әнімен өз мәресіне жетті.

            Ұлттық мерекеміз –Тәуелсіздік күні құтты болсын!  

WordPress Lessons