kzruen   info@almaty-university.kz    +77026005500      Версия для слабовидящих     

«Сырласу» қыздар клубының кезекті отырысы өтті

Алматы университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректоры С.Т. Аманғалиеваның басшылығымен жүргізіліп жатқан мәдени іс-шаралар мазмұндылығымен өткізу-дәстүрге айналған. Солардың бірі, жоспарға бойынша 2019 жылдың 28 ақпан күні университеттің «Сырласу» қыздар үйірмесінің «Көркем мінез- тектілік тәрбиесінің жемісі» тақырыбында тәрбиелік тағылымы мол мәдени шара өткізілді. «Сырласу» қыздар үйірмесінің жетекшісі, п.ғ.м. Б.Е.Күребай өз шығармашылығынан аруларға арналған өлеңін оқып беруден бастады. «Психология» мамандығының 1- курс студенті М.Камзина жүргізушілік қабілетімен, дауыс ерекшелігімен ортаны ой құшағына тастап, «Көркем мінез» деген сөздің ұғымын қалай түсінесіңдер?-деген сауалы, арулардың белсенділігін оятып,өзара түсіністікпен ашық пікірлерін білдірді. Университеттің профессор – оқытушылар құрамындағы апайлар ақыл-кеңес беріп, қазақ қыздарына сай әдепті болуға шақырды. «Психология» мамандығының 2 курс студенті Р.Полатова «Жібектің елі» әнін орындап, сырласу мәдени іс-шарасының жоғарғы деңгейдегі өтуінің жалғасы ретінде ортаның көңілін көтеріп тастады.

 

WordPress Lessons