kzruen   info@almaty-university.kz    +77026005500      Версия для слабовидящих     

Ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

        Алматы университетінде  2019 жылғы 4 қазан күні  Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен  киелі де көне мамандық – Ұстаздар күні мерекесіне арналған  «Ұстаз – ұлы тұлға» тақырыбында  мерекелік іс-шара өтті.                                                                                                   

        Мерекелік іс – шара университет ректоры Ермағанбетов Мубарак  Ермағанбетұлының  ұлағатты ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтау сөзімен ашып, өз істерінің жоғары деңгейдегі мамандары атанған осы бір құрметті жандарды мерекемен құттықтап, кәсіби мереке қарсаңында білім және ғылым саласына өзінің елеулі үлесін қосып, жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, әрі өнегелі тәлім-тәрбие беріп жүрген ұлағатты ұстаз Астемес Гүлім Келгенқызына Әуезов ауданы әкімінің алғыс хатын табыс етті.

          Сондай-ақ, мерекелік шараға келген  университет  ұстаздарына ерекше құрмет көрсетіліп, гүл шоқтары табыс етілді.
          Шәкірттер санасына білім сәулесін шашып, ғылымның шырағын жағып жүрген ұлағатты ұстаздарға ақ тілектер мен ыстық ықылас білдірген білім ордасының студенттері мерекелік концерт ұйымдастырып, жиылған қауымға ерекше көңіл-күй сыйлады.  

          Мерейлi мерекелерiңiз құтты болсын, қымбатты Ұстаздар!

WordPress Lessons