kzruen   info@almaty-university.kz    +77026005500      Версия для слабовидящих     

Қарттар – біздің асыл қазынамыз!

1- қазан – Халықаралық «Қарттар күні» жылдан жылға  дәстүрлі мерекеге айналып келеді.

2020 жылдың 21 қазан күні Қарттар күніне орай қалалық «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет Орталығы» Коммуналды – мемлекеттік мекемесінде мерекелік кеш өткізілді.

Алматы университетінің студент жастары және Ауған соғысының ардагерлері қарттар қауымын мерекемен құттықтады.

Бір ауыз жылы сөз, жылы ілтипат қарт адамдарға қаншалықты шексіз қуаныш әкелетінін әркім жақсы түсінеді. Бұл іс-шара барысында студенттер Қ.Марденов, Ә.Есенгелді, Ә.Рысдаулет, Е.Айимов  кішігірім концерт қойып,  кештің құрметті қонақтарына арнап әсем әуендер шырқап,  өнерлерін ортаға салып,  қарттарды бір қуантты. Игі тілектерін де жеткізді.

Кеш соңында мекеменің директоры Р.Сыпабекова қарияларды салтанатты түрде құттықтай отырып, барлығына мықты денсаулық пен ұзақ өмір тіледі. Осындай ізгі шараларды ұйымдастырып  өткізуге бас болып жүрген университетіміздің ректоры Ермағанбетов Мүбарак Ермағанбетұлына және тәрбие ісі жөніндегі проректоры Әлдекенов Сағат Құтбанұлына жылы ілтипаттарын білдіріп, Алғыс хатпен марапаттады.

Қоғамымыз қарттарының қадірін білсе, оларға әрқашан қамқор болса нұр үстіне нұр ғой, әрине. Қарттары бар ел – бақытты ел. Сондықтан ел басына күн туған, қиын-қыстау күндерде халқына тіреу, басына бағдаршы, жасына ақылшы болатын қарттарымыз қашан да аман жүрсін дегіміз келеді.

WordPress Lessons