kzruen   info@almaty-university.kz    +77026005500      Версия для слабовидящих     

«Салт — дәстүрім – таусылмайтын байлығым» атты мәдени іс-шара өтті

2019 жылдың 18 сәуір күні  Жаратылыстану және гуманитарлық мамандықтар кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к., доцент З.А.Ибрагимованың  ұйымдастыруымен   жастарымызға қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет ғұрпын таныстырып, салт- дәстүрлерді ұстануды насихаттау мақсатында  «Салт — дәстүрім – таусылмайтын байлығым» тақырыбында  мәдени іс-шара өткізілді.  Іс-шараның ашылу барысында З.Амантайқызы жан-жақты жетілген, саналы ұрпақ тәрбиелеу,  біздің ежелден келе жатқан қазақи салт-дәстүрлеріміздің нәрін бүгінгі ұрпақтың санасына сіңіру, мәдениетімізден, рухани құндылықтарымыздан бастау алатын дәстүрді дамытып, сол  арқылы жаңа ғасырдың жаңа ұрпағын қалыптастыруымыз керек,- деп атап өтті.  Студенттер қазақтың салт- дәстүрі туралы ойларын ортаға салып, өздерінің ұстанатын ұлттық дәстүрлерімен бөлісіп, салт-дәстүрлерді жас ұрпаққа тапсырудың маңызы жайлы да сөз қозғады. Мерекелік іс-шара жоғары көңіл күйде өткізілді.  

 

WordPress Lessons