kzruen   info@almaty-university.kz    +77026005500      Версия для слабовидящих

Сәтті қадам – 2019

Алматы Университетінде 24.05.2019 ж.  «Сәтті қадам — 2019» атты бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкені университетіміздің Экономика және құқық мектебінің деканы Нұрбол Мұхтарұлы Батырбай ашты. Алматы қалалық жұмыспен қамту орталығының маманы К.Ә. Жекетаев сөз сөйлеп, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасымен таныстырды. ЖШС «Мамандық таңдау» орталығының директоры Ж.Т.Каримов жұмыссыздықтың салдарын шешіп айтты. ГКК №142 бөбекжай балабақшасының меңгерушісі, біздің университетіміздің түлектері  Ошанбекова Альмира Кабдыкаримовна және туристік  «Silk Road» компаниясының менеджері  Мамежан Гульбан  университеттің оқытушы – профессор құрамына рахметтерін айтып, студенттерді өздерінің мекемелеріне тәжірибеден өтуге, жұмысқа шақырды.

Жәрмеңкеге көптеген мекемелер мен ұйымдардан, колледждер мен мектептерден жұмыс берушілер келді. Студенттер мен жұмыс берушілердің арасында жанды кездесулер болды. Бітіруші түлектердің жұмысқа орналасуына жәрмеңке көп септігін тигізеді деген сенімдеміз. 

Жәрмеңкені Мансап орталығының бастығы, университет профессоры Х.К. Әділбекова ұйымдастырды.

 

Манжибаева Ж.А.   Оқу – үдерісін ұйымдастыру бөлімінің бастығы. 

 

 

WordPress Lessons