Dear colleagues and friends!
Есенгелді Әсел 25.12.2020 От студента
Қайырлы күн Мүбарак Ермаганбетұлы!
Менің, университетке деген сағынышым өте қатты байқалуда. Сізге сұрағым біз университет қабарғасына барып дәрісімізді қашан жалғастыра аламыз?
Ответ: Сәлеметсіз бе! Сіздің сұрағыңыздан, білімге деген құштарлығыңыз көрініп тұр. Кез-келген шәкіртіміз, білім ошағына барып білім алуды қалайды. Елімізді жайлаған індет тоқтаған сәттен, университет қабырғасына келіп білімдеріңізді аласыздар деп үміттенем.
Рысдаулет Амина Алмазқызы 09.12.2020 От студента
Құрметті Мүбарак Ермағанбетұлы мырза! Сәлеметсіз бе мына елімізде болып жатқан індетке байланысты,әлеуметтік отбасы төмен және көп балалы отбасына оқу ақысына беріп жатқан жеңілдігіңіз ата-анамызды қуантты. Сізге алдағы уақытта тек шығармашылық табыс тілейміз. Рысдаулет Амина Алмазқызы 2/4 Педагогика және психология мамандығының студенті.
Ответ: Сәлеметсіз бе!Алматы университеті тарапынан кез-келген мәселені қарастырып, қолымыздан келгенше сіздердің жақсы білім алуларыңызға жағдай жасау біздің міндетіміз.Ізгі тілектеріңізге алғыс айтамыз.
Қайсанова Айым 18.11.2020 От студента
Құрметті, Мүбарак Ермаганбетұлы! Бізге, студенттерге барлық жағдайды жасап жатқаныңыз үшін алғысымыз шексіз! Қиын-қыстау кезеңге қарамастан, нақты шешім шығарып отырғаныңыз үшін сізге рахмет. Алматы университетіне оқуға түскеніме ризамын. Қайсанова Айым 4/4 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының студенті.
Ответ: Сәлеметсіз бе Айым! Қандай жағдай болмасын, біз сіздердің сапалы білім алып, білікті маман атануларыңыз үшін Ожағдай жасауға тырысамыз. Қысқы емтиханды сәтті тапсырыңыздар! Біз де сіздердей білімді шәкірттерімізбен мақтанамыз.
Умбеталлина Гульшат 01.11.2020 От студента
Саламатсызба Мүбәрәк Ермағанбетұлы! Мен Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығының 3 курс сырттай бөлім студентімін. Былтырғы оқу жылы біз сабақты alud.kz порталында оқыған едік. Бізге сабақ қараша айында басталады, сұрағым биылғы жылы да осы порталда оқуды жалғастырамыз ба?
Ответ: Құрметті студент! 2020-2021 оқу жылына Алматы университеті өзінің арнайы қашықтықтан оқытуға арналған portalalmaty деп аталатын платформасын ашты. Енді осы аталған платформада оқып, білім алатын боласыздар. Платформа туралы толық ақпаратты Қашықтан оқыту бөлімінен ала аласыз. Телефоны: 2-48-56-58 ішкі номер 112
Тұрсынбай Гүлдана 15.10.2020 От студента
Саламатсызба! Мен Тұрсынбай Гүлдана Педагогика и психология мамандығының 2 курс студенті боламын. Қазіргі кезде еліміздегі жағдайға байланысты қашықтықтан білім алып жатырмыз. Қашықтықтан оқып жатрыған студенттерге бұл оңай емес. Себебі таңнан бастап кешке дейін телефонға ноутбукке қарап отыру біз дің денсаулығымызға зиян. Оны қойа тұра мұғалімдердің көп тапсырма беруінен біздің өзімізге қарайтын уақытымызда,жетпей жатыр . Өз басым апайлар берген тапсырманын тек жартысын ғана орындап үлгеремін. Кейбір студенттерде желі нашар ұстағандықтан олар тапсырма жібергенде кешігіп жатады осы жағдайларды мұғалімдер түсіністікпен қарағанын сұраймыз. Құрметті ректор мырза сізден өтінеріміз оқытушылар бізге көп тапсырма бермесе екен.
Ответ: Сәлеметсіз бе Гүлдана! Білім аламын деген студент ешқандай қиындыққа қарамай алға қарай ұмтылуы керек. Оқытушы студентті тапсырма беру арқылы бағалайды. Болашақта білікті маман болуларыңыз үшін берілген тапсырманы уақытында орындап, қажетті деңгейде білім алуларыңыз керек. Туындаған мәселелерге түсіністікпен қарап, сабырлылық танытуларыңызды сұраймыз. Рахмет!
Медитбаев Даурен 03.10.2020 От студента
Саламатсыздар ма! Мен 3 курс студентімін. 2019 жылы пандемия басталмай турғанда жатақханаға ақысын алдын-ала артық төлеп қойып едім. Сіздерден білейін дегенім, артық төлеген ақшамды университет бухгалтериясы маған қайтарып береді ме?
Ответ: Сәлеметсіз бе! Университеттің тәрбие ісі жөніндегі проректорына (6 қабат) жолығуыңызға немесе телефон (87770163450) шалуыңызға болады.
Саламатсыз ба! Біз қазіргі таңда қашықтықтан оқытылып жатқандықтан, оқудың ақшасын 40-50%-ға дейін азайтуларыңызды сұраймын. Студенттердің жағдайына түсіністікпен қарасаңыздар. Университет қабырғасында жүріп оқымаған соң университетте көптеген қаражат үнемделуде. Барлық студентке жеңілдік жасауларыңызды қарастырады деп үміттенемін. Көп рақмет!
Ответ: Құрметті студент! Біріншіден, оқу орындары еліміздегі карантин жағдайына байланысты қашықтан оқу жүйесіне көшірілді. Қазіргі уақытта сіздердің толыққанды білім алуларыңыз үшін университет тарапынан барлық жағдай жасалуда. Оқу орны қашықтан білім беру үдерісін толық қанды қамтамасыз ету үшін техникалық жағынан қосымша серверлер мен жаңа оқу порталын сатып алуға мәжбүр болды, университеттің материалдық базасын жаңатыруға, білікті айти мамандарды жұмысқа тартуға, интернет жылдамдығын арттыруға, оқытушыларға уақыттылы жалақы төлеу үшін қыруар ақша жұмсап отыр. Сонымен қатар университет ғимараттарын ұстап тұру үшін де көп шығынға батып жатыр, сондықтан оқу ақысын азайтуға мүмкіндік жоқ, Жаңа жүйе тек сіздерге ғана қиындық тудырып жатқан жоқ. Оқытушылар арнайы біліктілікті арттыру курстарына қатысып, білімдерін шыңдауда. Сондықтан ұстаздарыңызға қолдау көрсетіп, білім алуға тырысуларыңыз керек. Түсіністік танытуларыңызды сұраймыз.
Жеңілдік мәселесіне келетін болсақ, бізде әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға жеңілдіктер қарастырылған. Егер әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңыз болса, b.makhmutov@almaty-university.kz электронды почтасына тапсырсаңыз болады. Құжаттарыңызды арнайы құрылған комиссия 15 қарашаға дейін қарастырады. Рахмет!
Султанбаев Айдар 07.09.2020 От студента
Мен қашықтықтан оқитын 2 курс студентімін, сабақ кестесімен қалай танысуға болады?
Ответ: Қашықтықтан білім беру технологиясы академиялық күнтізбеге сəйкес интернет желісін пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Сабақ кестесін сайттан қарап алсаңыз болады.
Ответ: Здравствуйте, согласно положению о предоставлении льгот на оплату образовательных услуг, скидка на учебу не предоставляется отличникам учебы, но предоставляется тем студентам, принимающие активное участие в научно-исследовательской и общественной работе, следовательно, так как вы активист вы сможете подать заявление на скидку на обучение.
Сафинов Нурдаулет 08.06.2020 От студента
Здравствуйте. Я учусь в Алматы Университете на бакалавриате и хочу после окончания поступить в нашу в магистратуру по специальности Юриспруденция. Могу ли я после окончания устроиться к вам на работу?
Ответ: Здравствуйте, после получения диплома магистра резюме можете оставить в отделе кадров.
Бекова Мадина 14.05.2020 От студента
Здравствуйте! Я обучаюсь на дистанционной основе по специальности педагогика. Хотела бы уточнить один вопрос. Можно ли перевестись на юриспруденцию, либо дистанционно, либо на очной основе?!
Ответ: Здравствуйте! Ваше базовое образование должно соответствовать классификатору. Если ваше базовое образование соответствует, то после окончания первого семестра в январе месяце вы имеете право подойти в университет для написания заявления. Методист центра определит разницу (в кредитах) по дисциплинам в соответствии с учебными планами. Данные дисциплины вы сдаете на платной основе, по установленной ценовой политике Университета. Если же вы являетесь студентом последнего курса, то перевод не возможен. За дополнительной информацией обращайтесь в студенческий отдел.
Муканов Алишер Макмутович 26.03.2020 От студента
Саламатсыз ба! Мен экономика мамандығының 3 курс студенті едім, Алматы қаласындағы карантин жағдайында, оқу ақысын Халық банк бөлімшелеріне бармай ақ төлеудің жолдары қарастырылған ба?
Ответ: Уважаемый магистрант! По кредитной технологии обучения свободное посещение занятий не предусматривается. Вы можете оформить академический отпуск по уходу за ребенком. Оформление академических отпусков осуществляется в соответствии с Правилами предоставления академических отпусков обучающимся в организациях образования, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан. По вопросам оформления академического отпуска Вам следует обратиться в Отдел организации учебного процесса по академическим вопросам. 102каб.
Құрметті Мубарак Ермағанбетұлы! Мен Досан Қанат «Құқықтану» мамандығының 1 курс студентімін. Әскери кафедраны оқу үшін қалада тұрақты тіркеу қажет екен. Сол себептен университеттің жатаханасына тұрақты тіркеуге болады ма?
Добрый день, Мубарак Ермаганбетович ! Я являюсь абитуриентом и мне хотелось бы поступить в ваш университет. У меня пару вопросов, на счет стоимости обучения и обустроимости в общежитиях. С кем, и по какому номеру можно связаться, и обсудить это?
Красников Вадим 13.04.2019
Здравствуйте,Мубарак Ермаганбетович, извините за беспокойство. Хотел бы поинтересоваться на какие факультеты я смогу поступить с профилирующими предметами, как Английский язык+География. Спасибо заранее.