kzruen   info@almaty-university.kz    +77026005500      Версия для слабовидящих     

Ректор лебізі

   «Алматы» Университеті – бұл 39 білім беру бағдарламалары бойынша, оның ішінде: 26 бакалавриат мамандықтары, 11 – магистратура, 2 – PhD докторантурасында оқу жүргізілетін, «Педагогикалық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат», «Бизнес, басқару және құқық», «Қызмет көрсету» кадрларды даярлау бағыттары бойынша жаңа форматтағы заманауи көп бейінді ЖОО. Тәуелді Аккредиттеу және Рейтинг Агенттігімен (НААР) 2016 жылдың сәуірінде өткен 10 мамандықты институциялық және мамандандырылған аккредиттеуі ЖОО білім беру бағдарламалары мен стратегиялық әлеуетінің бәсекеге қабілеттілігі туралы куәлік етеді. Бүгінгі таңда ұжымның қызметі республиканың жоғары және жоғарыдан кейінгі білім беру жүйесіндегі позицияны нығайту, жұмыс берушілер арасында бедел мен академиялық беделдің бұдан әрі өсуіне бағытталған.
   Біздегі жеке білім беру траекториясы бойынша 3 мыңнан астам студенттер, магистранттар мен докторанттар білім алады. Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы оқытудың біріктірілген жүйесін іске асырады, оның ішінде негізгі ғылымдарды зерттеу және кәсіби тәжірибелік даярлықты зерттеу жатыр, немесе «біз жасаған кезде ғана оны жасау жолын үйренеміз. Демек, мұның басқа жолы жоқ».
   «Алматы» Университеті интерактивті аудиториялардан, компьютерлік сыныптардан және оқу лабораторияларынан, лингафондық кабинеттерден, көркем өнер шеберханаларынан және студиялардан, спорттық және жаттығу залдарынан, студенттік дәмханадан тұратын дамыған инфрақұрылымның болуымен айрықшаланады.
   Бүгінгі таңда жоғары мектеп жаңа экономиканың құрылуындағы маңызды рөлге ие – білім экономикасы, көшбасшылық және инновациялар. «Алматы» Университеті өзінің әлеуметтік жауапкершілігін өз түлектерін сапалы даярлауда ғана емес, сонымен қатар айрықша миссияда – Қазақстанның тұрақты дамуына қомақты үлес қосуға қабілетті мамандардың жаңа буынын құрудан көреді.
     Университет біздің өміріміздің бөлігіне, ал өміріміз – барынша өзіндік іске асырылудың, жетістікке қол жеткізудің және қоғамдағы сұраныстың болу үлгісіне айналуын қалаймын. «Алматы» Университетіне қош келдіңіздер!
  құрметпен, «АЛМАТЫ» университетінің ректоры, химиялық ғылымдар докторы, профессор, ҚР ҰҒА құрметті академигі М.Ермағанбетов  
WordPress Lessons