kzruen   info@almaty-university.kz    +77026005500      Версия для слабовидящих     

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

      2020 жылдың 28 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» (01.09.2020ж) атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы ZOOM платформасында онлайн түрде  талқыланды.

           Аталған шараға  университеттің  құрылымдық  бөлімдердің басшылары, профессор-оқытушылар мен білім алушылар қатысты.

         Талқылау  модераторы,  университет ректоры  Мүбарак Ермағанбетұлы  Жолдауда айтылған мәселелердің барлығы еліміздің әр азаматына қатысты екенін, сондай-ақ, Жолдаудың жалпыхалықтық бірлік пен татулықты ұстана отырып, ел экономикасын көтеруге шақыратынын атап өтті. «Жолдауда ең маңызды мәселелер айтылып, әсіресе, экономикаға басымдық беріліп отыр. Осыған орай мемлекеттік, жергілікті басқару, жаңа экономикалық дамудың жолдары, орта және шағын бизнесті дамыту, экономиканың бәсекелестікке жетуі, жалпы тұрғын халыққа құрылыс салу мәселесін дамыту – осылардың барлығы да әрбір азаматтың міндеті. Мемлекет басшысының өз халқына жолдауы біздің мемлекетіміздің дамуындағы маңызды кезең және стратегиялық маңызды құжат болады. 2021 жылдың басынан бастап біздің қоғам өміріне әсер ететін үлкен өзгерістер күтілуде» -деді.

             Мемлекет басшысының Жолдауының негізгі мақсаттары мен міндеттеріне тоқталып, сөз кезегін негізгі баяндамашыларға берді. Ректордың баяндамасынан кейін университеттің профессор-оқытушылар құрамы жаңа жолдаудың жаңашылдығы жайлы өз пікірлерімен бөлісті. Атап айтқанда, Б.С.Зейнелов «Мемлекеттік аппарат қызметінін кәсібилігі мен тиімділгінің арттыру мәселелері», Т.А.Ашимбаев «Қаржы нарығындағы инновацияларды дамытудың мәселелері мен болашағы»,  К.Б.Ахатаева «Қолжетімді әрі сапалы білім», Д.Т.Танирбергенова «Казахстан в новой реальности: время действий» тақырыптарында, студент жастар Қ.Марденов «Цифрландыру- барлық реформаның негізгі қызметі», Ә.Д.Есенгелді «Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – басты басымдық» тақырыптарында баяндама жасады.

       Сонымен қатар аталған онлайн жиында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау және оны жүзеге асырудағы міндеттері талқыланып, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудың өзекті мәселелелері бойынша қатысушылар өзара пікір алмасты.

     Жиын соңында «Биылғы жылдың ерекшелігін барлығымыз көріп отырмыз. Бүкіл дүниежүзін қамтыған «Коронавирус» пандемиясының салдарынан көптеген елдердегі экономикалық ахуалдың төмендеуі – бұл Қазақстанға да өз әсерін тигізіп отыр. Осы кезеңде ҚР Президентінің Жолдауы баршамызды бір мақсаттың жанында топтасуға, жалпыхалықтық келісім, ынтымақпен біріге отырып, еліміздің экономикасын дамытуға, жұмыла көтеруге шақырады. Сондықтан да осындай күрделі кезеңнен, қиындықтан біріге отырып өтейік» – деді университет ректоры.     

       Жолдауда айтылған  әрбір бағытты университеттің профессор-оқытушылар құрамы ерекше ықыласпен қабылдайтындығын, оның орындалуына өзіндік үлесін қосатындығына сенім білдірді. 

 

 

WordPress Lessons