kzruen   info@almaty-university.kz    +77026005500      Версия для слабовидящих     

Магистратураға қабылдау ережелері

Түсу шарттары
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген ЖОО кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын, білім беру орындарына оқуға қабылдаудың Үлгі қағидаларына сәйкес ЖОО магистратурасына, докторантурасына, резидентурасына және ғылыми мекемелерге түсушілердің өтініштерін қабылдау ЖОО және ғылыми мекемелердің қабылдау комиссиялары арқылы, сондай-ақ ақпараттық жүйе арқылы іске асырылады.
Өтініштерді қабылдау мерзімі күнтізбелік жылдың 3-25 шілдесі.
Шет тілдері, мамандықтар бойынша түсу емтихандары және кешенді тестілеу күнтізбелік жылдың 8-16 тамызында жүргізіледі, алынуы – күнтізбелік жылдың 28 тамызына дейін іске асырылады.
Магистратураға түсуші тұлғалар тапсырады:
● қазақ немесе орыс оқу тілі бар магистратураға – шет тілі бойынша тесттен тұратын кешенді тестілеу (ағылшын, француз, неміс тілі таңдау бойынша), білім беру бағдарламаларының топ бейіні бойынша тест, оқуға даярлығын анықтауға берілген тест;
● ағылшын оқу тілі бар магистратураға – ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламаларының топ бейіні бойынша тесттен тұратын кешенді тестілеу және ағылшын тіліндегі оқуға даярлықты анықтауға берілген тест;
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) бағыты бойынша магистратураға, резидентураға шет тілі бойынша тест 3 блоктан, бір дұрыс жауап таңдауы бар 100 тапсырмадан тұрады.
Тестілеу уақыты – 125 минут.
I блок – Тыңдау. Тестілік тапсырмалардың саны – 32. Орындау уақыты – 45 минут.
Аталмыш блокқа 4 мәтінді тыңдау және әрбір мәтін бойынша 8 тестілік тапсырмаларды орындау кіреді. Әрбір аудиоматериал 1 минуттық үзіліспен екі рет жазылған. Әрбір мәтінді тыңдағаннан кейін оған ұсынылған тестілік тапсырмаларды орындауға уақыт беріледі.
II блок – Лексикалық-грамматикалық тест. Тесттік тапсырмалардың саны – 32. Орындау уақыты – 30 минут.
III блок – Оқу. Тестілік тапсырмалардың саны – 36. Орындау уақыты – 50 минут.
Аталмыш блокқа 3 мәтін және әрбір мәтінге 12 тестілік тапсырмаларды орындау кіреді.
Тұлғаларды магистратураға алу №1 қосымшаға сәйкес қазақ және орыс оқу тілі бар магистратураға арналған кешенді тестілеуді бағалаулардың 150-ұпайлық жүйесі бағанына сәйкес кешенді тестілеу қорытындылары бойынша іске асырылады: 75 ұпайдан кем емес, оның ішінде шет тілі бойынша – 25 ұпайдан кем емес, білім беру бағдарламалар тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауабын таңдаумен – 15 ұпайдан кем емес, бір немесе бірнеше дұрыс жауаптарды таңдаумен – 20 ұпайдан кем емес, оқуға даярлықты анықтауға берілген тест бойынша – 15 ұпайдан кем емес.
Ағылшын оқу тілі бар магистратураға тұлғаларды алу №2 қосымшаға сәйкес ағылшын оқу тілі бар магистратураға арналған кешенді тестілеудің бағалауларының 100-ұпайлық жүйесі бағанына сәйкес кешенді тестілеу қорытындылары бойынша іске асырылады: 25 ұпайдан кем емес, оның ішінде оқуға даярлығын анықтауға берілген тест бойынша – 7 ұпайдан кем емес, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауапты таңдаумен – 8 ұпайдан кем емес, бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдаумен – 10 ұпайдан кем емес.

  1. Магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша Алматы университетіне оқуға түсуі кезінде ұсынылатын жеңілдіктер.
    4.1 «Өзіміздікі» жеңілдік
    Алматы Университетінің магистратурасына түсушілерге, Алматы Университетінің оқытушыларына, қызметкерлеріне және түлектеріне ұсынылады.
    Сипаты:
    – оқудың толық құнынан 20% көлеміндегі жеңілдік Алматы Университетінде магистратура бағдарламалары бойынша өз оқуын жалғастыру шешімін қабылдаған Алматы Университетінің түлектеріне ұсынылады.
    – жеңілдік оқу үшін уақыттылы төлем жасау шарттарында барлық оқу кезеңіне жарамды.

Алуға арналған құжаттар
Магистратураға түсушілер үшін құжаттарды қабылдау ағымдық жылдағы 3-25 шілде аралығында жүргізіледі. Университеттің қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды ұсынады:
1. Ректордың атына жазылған өтініш;
2. Жоғары білімі туралы құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
3. Бағдарламалар бойынша шет тілі (ағылшын, неміс, француз) тестін тапсыру туралы сертификаттың көшірмесі (болған жағдайда);
4. Кадрларды есепке алу жөнідегі жеке парақша және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін) (болған жағдайда);
5. Алты фотосурет (3 х 4 өлшемді);
6. 086-У нысанды медициналық анықтама (флюорография суретімен бірге);
7. Жеке куәліктің көшірмесі;
8. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (болған жағдайда);
9. Шарттың бекітілуіне кепілдік ететін хат және ақылы негізде түсушілер үшін шығындарды төлемі;
10. Тіркеу куәлігі (жастар үшін);
11. Құжаттардың тізімі.
*Құжаттардың көшірмелерімен бірге тексеру үшін түпнұсқа ұсынылады. Тексеруді жүргізгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

 

WordPress Lessons