Алматы университетінде ҚР Тұңғыш Президент күні салтанатты түрде аталып өтті

         Тұңғыш Президент күні – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің тарихында, қалыптасуы мен дамуы жолындағы елеулі орын алатын ерекше мереке.

      2020 жылғы 27  қараша күні Алматы университетінде  Егеменді Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

      Тағылымы мол шараға  Әуезов ауданы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы  Камшат Зейнетқызы Тұрдыбаева, осы бөлімнің бас маманы Ешенова Мақпал Нұрдәулетқызы және университеттің  профессор – оқытушылар құрамы, бөлім қызметкерлері мен студент-жастар қатысты.     
     Университеттің тәрбие ісі жөніндегі  проректоры, заң ғылымдарының PhD докторы  Сағат Құтбанұлы Әлдекенов кіріспе сөзімен шараның шымылдығын ашып, университет ұжымын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады. 

      Тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы, егеменді елімізді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  әрбір жүрген жолы, қазақ елі үшін жасаған қажырлы еңбегі бүгінгі жастарға үлкен үлгі-өнеге, рухани мектеп.
    Елбасы күніне арналған шарада  профессор-оқытушылар құрамы  барша әріптестерді мемлекеттік маңызы зор мерекемен құттықтап, Елбасымыздың Тəуелсіз мемлекетімізді қалыптастырудағы өлшеусіз еңбектеріне кеңінен тоқталып,  атап айтқанда, педагог – ұстаз  Д.Т.Танирбергенова  «Береке-бірлігіміз берік болсын!»,  Экономика, қызмет көрсету және құқық кафедрасының меңгерушісінің міндетін атқарушы, аға оқытушы Т.А.Ашимбаев «Халық мерекесіне айналған Президент күні»,  филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ф.К.Шуканова  «1 декабря- День первого Президента Республики Казахстан»  және  «Информатика» мамандығының 2 курс студенті  Н.Мутаева «1 желтоқсан – Ел тарихы үшін елеулі күн» тақырыптарында  бейнеролик көрсетіп, баяндама жасады.

     Сондай-ақ, шараның модераторы, Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы, 2 курс студенті Қ.Марденов –  «Бүгінде ел тарихына алтын әріптермен жазылатын 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мерекесі –  елдікті ту еткен халқымыздың асқақ арманы мен айбарлы рухының мерекесі»- деп қорытындылады.

WordPress Lessons