Меңдаяхова Қуанышкүл

mendayahova42@mail.ru
+7 701 195 57 75

Меңдаяхова Қуанышкүл

п.ғ.д, профессор

Өмірбаяны

2000-2008 жж. аралығында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған қыздарға арналған дайындық бөлімінің деканы болды. 2009 жылдан мектепке дейінгі және бастауыш білім кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы.

1989-2000 жж. аралығында музыкалық педагогика факультетінің деканы,

1973-1989 жж. аралығында мектепке дейінгі тәрбие кафедрасында мектепке дейінгі педагогикадан дәріс беріп, осы кафедраның аға оқытушы,доценті.

1966 жылы музыка-педагогика факультетін бітіріп, хорды дирижерлау кафедрасында 1973 жылға дейін оқытушы, аға оқытушы

Білімі

  • (Қызылорда педагогикалық училищесі, 1957-1961), мемлекеттік емтихан комиссиясының 1961 жылы 1 июльдегі шешімі бойынша қазақ бастауыш мектеп оқыту біліктілігі берілді. (Диплом үздік белгі, З № 623008) «Ән- күй» мамандығы.
  • (Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты, 1961-1966), мемлекеттік емтихан комиссиясының 1966 жылы 22 июньднгі қарары бойынша орта мектептің мұғалімі біліктілігі берілді.( Диплом үздік белгі, О № 069323)
  • СССР министрлер советінің жоғарғы аттестация коиссиясы, Абай атындағы педагигалық институтының кеңесінің 1988 жылы 26 маусымдағы шешімімен педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.( Диплом ПД № 011002, Москва),диссертация тақыбыды: « Қазақстанда ауылдық жерлерде мектепке дейінгі тәрбиенің дамуы»
  • СССР халаққа білім беру мемлекеттік комитетінің 1991 жылы 2 қарашадағы шешімімен мектепке дейінгі тәрбие кафедрасының доценті ғылыми атағы берілді.(ДЦ № 0414386, Москва
  • Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2010 жылғы 28 сәуірдегі шешімімен (№ 3 хаттама ) педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді.
  • Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы шешімімен (№ 7 хаттама) педагогика мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді.

Жарияланымдар

2017-2019 ж.ж.:

Сөйлеуге үйретудің негізгі шарты – сөйлеу ортасы Журнал  «Бастауыш мектеп» № 3 2017. Республикалық  ғылыми – әдістемелік және педагогикалық журнал.

Қазақ драмасының зерттелу тарихы/ Мендаяхова Қ, Аймухамбетова/ Ж. /Ш.Таубаеваның шығармашылығына арналған  конф. 17.11.2017.

 

Оқу-әдістемелік құралдар және оқулықтар:

Балабақша балаларының тілін дамыту әдістері (оқу-әдістемелік құрал, ISBN 978-601-224-023-8, 2006ж.)

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудың ғылыми негіздері (оқу-әдістемелік құрал,ISBN 978-601-224-002-3, 2007ж.)

Байланыстырып сөйлеуге үйрету арқылы қазақ тілін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері (монография,ISBN 928-601-224-053-5, 2008ж.)

Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбиенің дамуы (оқу құралы, ISBN 9965-835-74-8, 2012ж.)

Ауыз әдебиеті арқылы байланыстырып сөйлеуге үйретудің әдістемесі (оқу-әдістемелік құрал,ISBN 978-601-7796-93-8, 2015ж.)

Педагогика тарихы (жалпы және мектепке дейінгі) (оқу құралы, ISBN 978-601-224-952-1, 2018ж.)

Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамытудың әдістемелік негіздері (оқу құралы, ISBN 978-601-224-952-4, 2018ж.)

Кафедрада оқитын оқу курстары

Бакалавриат студенттері үшін:

– Педагогика тарихы (жалпы және мектепке дейінгі)

– Тіл дамыту;

– Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беруді ұйымдастыру және басқару;

 

Магистранттар үшін:

– Мектепке дейінгі білім беру теориясының негіздері;

– Мектепке дейінгі білім беруді басқарудың жаңа тұғырлары;

–Қазіргі мектепке дейінгі ұйымның білім беру кеңістігін құру.

Білімін жетілдіру курсы

Научные методологические и методические основы социальной педагогики. Д.п.н., проф. Л.В. Мардахаев.  Российский государственный социальный университет. Москва 2014г.

Участника международного научно-методологического семинара «Малокомплектная школа: современные пробдемы и пути модернизации» 2016г.

 «Психолого-педагогическое обеспечение профессионального проектирования в повышении квалификации специалистов сферы дошкольного образования» 2018г.

Марапаттары

  • 1992 жылы «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі», 1994 жылы «Ы.Алтынсарин медалінің иегері»
  • 2004 жылы «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен мараптталған. 1999 жылдың қортындысы бойынша Қ.Мендаяховаға «ЕҢ ҮЗДІК ДЕКАН» атағы.
  • 2013 жылы Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университетінің «ҮЗДІК ҚЫЗМЕТКЕРІ» атағы, 2014 жылы университеттің «Ұлағат» алтын медалі берілді.
WordPress Lessons