kzruen   info@almaty-university.kz    +77026005500      Версия для слабовидящих     

Түсу үшін қажетті құжаттар тізімі

Жалпы орта, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі немесе жоғары білімі туралы құжаттарға ие тұлғалар үшін:

  1. қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтініш;
  2. жеке куәлік (көшірмесі);
  3. жалпы орта, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі немесе жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқая);
  4. 3 х 4 сантиметр өлшемдегі 6 фотокарточка;
  5. 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
  6. ЕНТ сертификаты;
  7. ведомосттан алынған көшірме (арнайы және (немесе) шығармашылық даярлықты, оның ішінде «Педагогикалық ғылымдар» білімі саласы бойынша талап ететін, жоғары білімнің білім беру бағдарламалары боынша түсушілер үшін);
  8. білім беру грантын беру туралы куәлік (оның болуы жағдайында);
  9. Жеңілдіктердің ұсынылуы туралы құжаттар (егер бар болса).

Техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім туралы құжаттарға ие, біліктілігін растаған және бір жылдан кем емес мамандық бойынша жұмыс өтіліне ие тұлғалар қосымша келесі құжаттардың бірін ұсынады:

  1. еңбек кітапшасын;
  2. жұмыс берушінің қолы қойылған, мекеменің мөрімен куәландырылған қызметтік тізім (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізімі) (егер болған жағдайда);
  3. қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерден тұратын мұрағаттық анықтама;
  4. тоқтатылуы туралы негіздеме және күні туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;
  5. еңбек шартын бекіту және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауы және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен алынған көшірмелер;
  6. қызметкерлерге еңбек төлемін беру ведомостынан алынған көшірмелер.

 

WordPress Lessons