kzruen   info@almaty-university.kz    +77026005500      Версия для слабовидящих     

Біз туралы

Ректор
Ректорат
Университет тарихы

Ректор

ЕРМАҒАНБЕТОВ  МҮБАРАК  ЕРМАҒАНБЕТҰЛЫ
Туылған жылы: 1951 жылы 21 мамыр
 
Туылған жері: Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Қабырға ауылы
 
 
 
Білімі:
   · Қазақ мемлекеттік С.М.Киров атындағы университеті (1976 г)
   · В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық аспирантурасы (1979-1982 ж)     
 
Ғылыми дәрежесі:
   · Профессор;
   · Химия ғылымдарының кандидаты (1983);
· Химия ғылымдарының докторы (2001);
 
Ғылыми атағы:
   · ҚР Ұлттық академиясы Жаратылыстану ғылымдарының академигі (2013)
   · ҚР ҰҒА құрметті академигі (2015) 
   
Қай тілдерді меңгерген:
     Қазақ, орыс, ағылшын –“Intermediate”деңгейінде
 
   Еңбек өтілі:
     · Қазақ мемлекеттік С.М.Киров атындағы университеті – тағылымгер – зерттеуші (1976-1978);
     · В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты – инженер (1978-1979);
     · В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты – күндізгі бөлім аспиранты (1979-1982);
     · В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты – кіші ғылыми қызметкер, аға оқытушы, доцент, профессор (1983-1994);
     · Қ.Сатпаев атындағы Қазақ политехникалық институты (қазіргі Қ.И.Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті) – мұнай мен газ өңдеу химиялық    технология кафедрасы меңгерушісі (1995-2008);
     · Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті – Бірінші проректор (04.2008-10.2017);
     · Алматы Университеті – Ректор  (2017.10.)
    
   Марапаттары мен жетістіктері:
     · Қ.И.Сатпаев атындағы ҚазҰТУ «Ерен еңбегі үшін» төс белгісі (2003);
     · ҚР Білім беру құрметті қызметкері (2009);
     · ҚР Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Күміс медальі (2011);
     · Ыбырай Алтынсарин медальі (2017).
 
   Басылымдары:
      180-нен астам ғылыми мақалалар, оқулықтар мен оқу құралдары, ҚР мен РФ 25 куәліктері мен патенттерінің авторы. 

Университет басшылығы

  Нурлихина Гүлмира Булатқызы
    Оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректор
    8 қабат, № 801 кабинет
    Аксай-3 ы.а., Б. Момышұлы көшесі, 36
 
 
    +7(727) 248-57-48 ішкі. 111   
 
 
 
 
 
 

    Алдекенов Сағат Құтбанұлы
    Тәрбие ісі жөніндегі проректор
    6 қабат, № 601 кабинет
    Аксай-3 ы.а., Б. Момышұлы көшесі, 36
 
    +7(727) 248-57-48 ішкі. 114   
 
 
 
 
 
 

       


 
 

      Алматы университетінің тарихы

    Алматы үздіксіз білім беру университеті алғашқы рет өз есіктерін студенттерге 1998 жылы ашты. Алғашқы оқу жылында университетке тек 37 студент қабылданып, ал оқытушылардың саны 10 адамнан аспаған. Сол жылдары оқу орнының тұңғыш басшысы техникалық ғылымдар кандидаты, доцент Әйтенов Кеңес Жолдасбайұлы (1998-2001) болды. Кеңес Жолдасбайұлы университеттің дамуына және білім беру үрдісінің жүйеленуіне мол үлес қоса білді. Кейінгі жылдардағы университет ректорлары Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылымдар академиясының академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор Пірәлиев Қалдыбек Жайлауұлы (2001-2008), экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Пірәлиев Ғалымжан Серікұлы (2008-2010), филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ербай Талғат Мәделиұлы (2010-2012), техникалық ғылымдар кандидаты, доцент Құлжабаев Бауыржан Жамалбекұлы (2012-2015) болды. Университеттің жоғарыда аталған басшылары университетіміздің дамуына үлкен үлес қосты. 2013 жылы Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрі Б.Т. Жұмағұловтың тапсырмасы бойынша мемлекеттік емес білім беру мекемелері Қазақстандағы университеттердің санын қысқарту үшін біріктіріліп және шоғырландырылды. Осыған байланысты 2013 жылы Алматы үздіксіз білім беру университеті және «Сымбат» сән академиясы Үкіметтің 2013 жылғы 31 қаңтардағы қаулысы негізінде Алматы Университеті деп аталды. 2015 жылдан бастап декан, кейін университеттің ректоры жас ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Шілдебай Сәбит Қамытбекұлы (2015-2017) сайланды. Бүгінгі таңда «Алматы» Университеті – бұл 39 білім беру бағдарламалары, оның ішінде 26 бакалавриат мамандықтары, 11 – магистратура, 2– PhD докторантура бойынша оқу жүргізілетін, «Педагогикалық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат», «Бизнес, басқару және құқық», «Қызмет көрсету» кадрларды даярлау бағыттары бойынша жаңа форматтағы заманауи көп бейінді ЖОО. 2017-2018 оқу жылы университет ректоры ретінде химия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылымдар академиясының құрметті академигі Ермағанбетов Мүбарак Ермағанбетұлы тағайындалды.

Біздің Стратегия

Университеттің 2013-2020 жылдарға арналған стратегиялық жоспары жоғары білікті мамандарды даярлауға, әлемдік білім беру кеңістігіне білім беру бағдарламаларын интеграциялауға, өндірісте негізгі және қолданбалы зерттеулерді әзірлеуге бағытталған.

Мақсаты және міндеттері

Сапалы және қолжетімді білім беруді қамсыздандыра отырып, патриотизм рухында жастарды тәрбиелеу.

Біздің миссия

Түлектердің білімдік және кәсіптік даярлығының жоғары сапасын қамтамасыз ететін, білім, ғылым және өндірістің тығыз интеграциясына бағытталған көп бейінді типтегі университет.

WordPress Lessons