kzruen   info@almaty-university.kz    +77026005500      Версия для слабовидящих     

8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған іс-шара өтті

       2020 жылдың 6 наурыз күні Алматы университетінде нәзіктілік пен сұлулықты паш ететін – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында  тәрбие ісі жөніндегі проректор С.Қ.Әлдекеновтің ұйымдастыруымен «Қыз – елдің көркі, Ана – әлем жүрегі» атты университеттің нәзік жандарына арналған салтанатты іс-шара өтті.

            Іс-шараны университет ректоры М.Ермағанбетов  құттықтау сөзбен ашып, оқу орнының оқытушы және қызметкер қыз-келіншектерін мерекемен құттықтады. Түрлі салада белсенділігімен, адал еңбегімен көзге түскен бірқатар оқытушы-қызметкерлер атап айтқанда: Н.М.Рахманова, А.С.Акрамова, Б.М.Жугралина, Н.С.Кожамкулова «Құрмет» грамотасымен марапатталса,  Ж.Ж.Бекмуратова, Қ.Мейрамбек, А.А.Түкібай, Г.Е.Капарова, Р.Ж.Кожасултанова, Ж.К.Куланова, В.Б.Закарлюк, Ә.Қ.Қайратова, Г.Қ.Исмайлова университет ректорының «Алғыс хатымен» марапатталды. Сондай-ақ, гүл шоқтары табыс етілді. 

           Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, отбасының ұйытқысына, татулық пен келісімнің тірегіне айналған, сұлулықтың символы саналатын құрметті ақ жаулықты аналардың, ардақты әйелдердің  құрметіне әндер шырқалып, күй тартылып, ақ тілектер айтылды.   Ұлылық пен ізгіліктің ғаламатын құшағына сыйғызған нәзік жандарға арнап Мәрденов Құрманғазы, Мұқамет Үмітнұр өздерінің арнау өлеңдерін оқыды. Айтылған ізгі тілектер мен шырқалған әннің бәрі-бәрі бұл күні асыл ана, адал жар, аяулы апа-қарындастар тақырыбында болды. Аналарға деген құрметпен Ш.Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнімен аяқталды.

 

WordPress Lessons