Махмутов Бекен Лесбекұлы

          Махмутов Бекен Лесбекұлы 1984 жылдың 4 желтоқсанында дүниеге келді. 2002-2006 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де тарих бакалавры бойынша білім алды. 2006-2008 жж. – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де саясаттану ғылымдарының магистр деңгейін алды. 2013 жылы Саясаттану мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алды. Диссертациялық жұмыс тақырыбы: “Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының саяси менеджменті: салыстырмалы талдау». Өзінің ғылыми-зерттеу жұмысында жақсы жетістіктерге қол жеткізді. Еңбек қызметін Абай атындағы ҚазҰПУ 2009 жылы оқытушы ретінде бастады. Аталмыш ЖОО барлық жұмыс жасау уақыты ішінде ректордың көмекшісі лауазымын атқарды, тарих және құқық институты директорының ғылым істері және халықаралық қатынастар бойынша орынбасары болды. 2016 жылдан 2017 жылға дейін Алматы Университетінің «Педагогикалық мамандықтар» кафедрасының меңгерушісі болды. 2017 жылдың 15 қарашасынан бастап «Педагогика» мектебінің деканы, ал 2019 жылдың 5 қарашасынан 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін «Экономика және құқық» мектебінің деканы қызметін атқарды. 2020 жылдың 1 қыркүйегінен «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі болып табылады.

WordPress Lessons