kzruen   info@almaty-university.kz    +77026005500      Версия для слабовидящих     

Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер мен қарттарымызға «көңіл бөлу» қайырымдылық шарасы жүргізілді

       2020 жылдың  11 ақпан күні  Алматы университетінде  Алматы қаласы, Әуезов аудандық әкімдігінің жоспар тапсырмасы бойынша  Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдық мерекесін атап өту мақсатында, аудандағы  ардагерлер  мен қарттарымызға «көңіл бөлу»  қайырымдылық шарасы жүргізілді. Әуезов ауданы әкімдігінің біздің университетке бекіткен ардагерлері:

  1. Федоренко Ольга Николаевна
  2. Абдрахова Василя Кадимовна

     Осы  қарттарымызға Университеттің Жастар Отан  Жастар Қанаты мен еріктілер тобының  мүшелері қамқорлық көрсетіп,  құттықтап,  жақсы тілектерін айтып, азық-түлік жиынтығын  сыйлап қайтты.  Өз алдына шексіз алғыстары мен ризашылықтарын білдірген қарттарымызбен бірге естелікке суретке түсті.

    Осындай ізгі іс – шаралар жиі-жиі өткізіліп,  ерікті белсенділеріміз қамкөңіл қарттардың көңілдерін қуанышқа толтырып жатса нұр үстіне нұр болары сөзсіз.

WordPress Lessons