kzruen   info@almaty-university.kz    +77026005500      Версия для слабовидящих     

“Қазақстан Республикасының Конституциясына – 25 жыл!” мерейлі мерекемен  Алматы университетінің ПОҚ мен студент жастары Сіздерді шын жүректен құттықтайды!       

         Қазақстан Республикасының Конституциясына  – 25 жыл!

        Конституция күніне арналған мерекенің тарихы

         Қазақстан Республикасының Конституциясына – 25 жыл толуына орай 2020 жылдың 27 тамыз күні мерекелік іс-шара онлайн режимінде өткізілді. Іс-шараның мақсаты – Ата Заңның  бағасын білу, студенттерді еліміздің басты  құжатын құрметтеуге үйрету.

         Ізгі қоғам, мейірімді мемлекет құру – адамзат баласының ежелгі арманы. Мемлекет болып қалыптасу, ұлт болып ұйысу қашанда оңай болған емес. Ата Заңымызды қабылдау кезінде өз тамырымыздан қол үзіп кетпегенімізді, бабалардан қалған тағылымды өсиеттердің бүгінгі ұрпақ үшін де құндылығын айтқаны есімізде. 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялаған Қазақстан үшін алға қойылған мақсаттарына жетудің жолы

 

н ашатын құқықтық негіз қажет болды.

Сондай тарихи қажеттіліктен тәуелсіз еліміз 1993 жылы алғашқы Конституциясын, 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумның басым көпшілік дауысымен Қазақстан Республикасының қазіргі қолданыстағы Конституциясын қабылдады. 1995 жылғы Конституция қабылданғаннан кейін Қазақстанның жаңа даму кезеңі басталып, 5 қыркүйек өз күшіне енді.                 

 

     Конституция – мызғымас мемлекетіміздің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары, кемел келешегіміздің кепіліне айналды. Бақытты өміріміздің кілті де бейбітшіл, ізгі, мейірімді Заңымызда! Биыл Қазақстанның киелі де, қастерлі құжаты – Конституцияның қабылданғанына – 25 жыл. Осы мерейлі мерекемен  Алматы университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы мен студент жастары Сіздерді шын жүректен құттықтайды!    

WordPress Lessons