kzruen   info@almaty-university.kz    +77026005500      Версия для слабовидящих     

Алматы университетіндегі оқытушылар мен білім алушылардың академиялық адалдық

КОДЕКСІ

Алматы университетіндегі оқытушылар мен білім алушылардың академиялық адалдық

КОДЕКСІ

 

Жалпы ережелер

 

Оқытушылар мен білім алушылардың академиялық адалдық кодексі (бұдан әрі –Кодекс) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет туралы» Заңға, «Білім туралы» Заңға, ҚР БҒМ нормативтік құжаттарына, Алматы университетінің (бұдан әрі – Университет) Жарғысына сәйкес әзірленген және Университетте білім беру үрдісінің барлық қатысушылары арасындағы академиялық адалдық қағидаларын айқындайды.

Бұл Кодекстің мақсаты – білім беру үрдісінің барлық субъектілері (білім алушылар, оқытушылар, әкімшілік, техникалық персонал және өзгелер) арасындағы Университеттегі адал әрі ашық қатынастарды анықтау және қалыптастыру.

Академиялық адалдық – бұл білім беру үрдісінің барлық субъектілері арасындағы мінез-құлық нормаларын айқындайтын және оларға болашақ тұлғаны тәрбиелеу мен қалыптастыруда Университеттің рөл маңыздылығы түрінде кез-келген сыбайлас жемқорлық құбылыстарына төзімсіздікті дағдыландыратын құндылықтар мен қағидалардың жинағы.                                         

Академиялық адалдық бұзушылықтарының түрлері:

  • Плагиат – өзгенің туындысын өзінің атынан жариялау, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен анықталған авторлық құқықты бұзушылық
  • Ақпараттарды немесе деректерді қасақана бұрмалау/ауыстыру (жасанды медициналық анықтаманы ұсыну; білім алушылардың оқу жетістіктері базасына заңсыз қолжетімділік; оқу құжаттарын, деректерді және есептердің нәтижелерін қолмен жасау; электронды және қағаз сынақ кітапшасында бағаларды қолмен жасау; жұмыстар мен барлық деңгейлердегі құжаттарда бағаларды түзету);
  • Көшіру – жазбаша өзіндік жұмысты орындау кезінде пайдалануға тыйым салынған кез-келген құралдарды (шпаргалкалар, электронды және өзге құралдар; ауызша ой салулар) қолдану;
  • Білім алушы үшін жұмыстарды орындау және кейін білім алушының жұмысын өзінің жеке жұмысы ретінде тапсыру;
  • Ұжымдық тапсырмаларды орындау кезінде ұжымдық жұмысқа қасақана қатыспау;
  • Сыбайлас іс-әрекеттер, ақша үшін дұрыс жауаптарды, бағаларды сатып алу-алу;
  • Сабақтарды (кеңес берулерді) тоқтатуға бағытталған, оқытушымен, лаборантпен немесе тьютормен негізделіп бағаланған кез-келген әрекет немесе мінез-құлық, өзгелердің жұмысты орындауға кедергі келтіру ұмтылысы. Бұл, оның ішінде кітапханалық кітаптардың беттерін жұлу, өзге сараптамалық (лабораториялық) жұмыстарды қасақана бүлдіруден тұрады;
  • Емтихандарды, тесттерді тапсыру, лабораториялық жұмыстарды немесе өзге тапсырмаларды орындау кезінде академиялық тиімділікті алу мақсаттарында өзге адам үшін өзін таныстыруға;
  • Құпия ақпаратты алдын-ала келісімсіз басу, тарату немесе үшінші тұлғаларға жариялау. Құпия ақпарат жинақталған және жалпы қолжетімділіктің болмауы шарттарында сақталынатын академиялық ақпараттан, деректерден және құжаттардан тұрады;
  • Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының еңбек тәртібін және корпоративтік этикасын бұзу, сондай-ақ ҚР заңнамасы аясында жазаланатын сыбайлас іс-әрекеттер.

 

                                Академиялық адалдық қағидалары

  1. Білім алушылар тиісті:
  • Білім беру қызметтерін көрсетуге шартта келісілген міндеттемелерді қадағалауға;
  • Оқу пәнін босатпауға (дәйекті себептерсіз сабақтардан қалуға; сабаққа және бақылау түрлеріне кешікпеуге);
  • Жұмыстардың барлық түрлерін (СРОП тапсырмалары, тәжірибелік, курстық, бітіру жұмыстары және т.б.) және берілген тапсырмаға сәйкес олардың оқытушыға уақыттылы ұсыну;
  • Әртүрлі бақылау түрлеріндегі; ағымдық, межелік, қорытынды тапсырмаларды орындау кезінде көшірмеуі және пайдаланбауы;
  • Оқу секілді, авторды көрсете отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау кезінде әртүрлі дереккөздерін пайдалануы; жұмыстың соңында пайдаланылған дереккөздер тізімін жүргізуі, ақпараттың анық және сенімді дереккөздерін пайдалануы;
  • Өзге білім алушылардың көшіруі үшін өз жұмысын ұсынбауы;
  • Өзгенің жұмысын өзінікі ретінде ұсынбауы;
  • Оқу үрдісі кезінде пәнді бұзбауға, өзге білім алушылардың материалды қабылдаудан алаңдатпауы;
  • Жеке, туыстық немесе қызметтік байланыстарды пайдаланбауы, өзге білім алушылармен салыстырғанда оқудағы артықшылықтарды алу үшін оқытушыларға және әкімшілікке пара ұсынбауы;
  • Академиялық тиімділікті алу үшін құпия ақпаратқа заңсыз қолжетімділікке жол бермеуі.
  1. Оқытушылар тиісті:
  • Академиялық адалдық құндылығын білім алушылардың қабылдауы үшін барлық мүмкін және рұқсат етілетін тәсілдерді пайдалану, бұл туралы білім алушыларға ретті түрде еске салуы, өздері аталмыш қағидаларды мінсіз қадағалауы;
  • УМКД уақыттылы және сапалы әзірлеуі, университеттің электронды кітапханасына барлық оқу материалдарын орналастыруы;
  • Жаңа заманауи оқу нысандарын пайдалана отырып, сабақтарды жүргізуі; білім алушылардың жұмысын уақыттылы тексеруі және оларға бағаларын хабарлауы.
  • Өзінің кәсіби біліктілік деңгейін тұрақты жоғарылату, дағдылар мен біліктерді жетілдіруі;
  • Білім алушылардың секілді, өзінің оқытушылық және ғылыми қызметтегі жұмыстарында плагиатқа жол бермеуі; оқу, оқу-әдістемелік жұмыстарды әзірлеуі; ғылыми-зерттеу мақалаларын жазу кезінде дереккөздеріне сілтемелерді көрсетуі және жұмыстың соңында пайдаланылған дереккөздерінің тізімін ұсынуы;
  • Білім алушыларда дереккөздерді іздеу және талдау дағдыларын дамытуы, сілтемелерді, библиографияларды рәсімдеуіне қатысты заманауи талаптарды пайдалану бойынша білім алушыларға кеңес беруі.
  1. Академиялық адалдық қағидаларын бұзушылықпен орындалған жұмыстар бағалана алмайды және оқытушымен бекітілген мерзімдерде қайта жасалынуы (немесе алынуы және аналогтық тапсырма орындалуы) тиіс. Қайта жасалынған жұмыс үшін баға төмендетіледі. Қайта жасалынған жұмысты уақыттылы емес тапсыру жағдайында, дәйекті себепсіз кідірістер орын алған жағдайда жұмыс үшін қанағаттанарлық емес баға қойылады. Академиялық адалдық қағидаларын қайталап және кейінгі бұзушылығы жағдайында жұмысты қайта көшіру мүмкіндігі ұсынылмайды.
  2. Емтиханда немесе ағымдық және межелік бақылау кезінде білім алушының академиялық адалдықты қадағаламауы жағдайында оған қанағаттанарлық емес баға қойылады.

 

Жауапкершілік

  1. Білім беру үрдісінің қатысушылары академиялық адалдық қағидаларын бұзғандығы үшін моральды және тәртіптік (жеке жағдайларда қылмыстық) жауапкершілікке ие болады.
  2. Орындау кезінде академиялық адалдық қағидалары бұзылған жұмыстар қабылданбайды және бағаланбайды.
  3. Кодекстің бұзушылығы жағдайында білім беру үрдісінің қатысушыларына келесідегідей тәртіптік жазалаулар қолданылуы мүмкін:
  • Ескерту;
  • Сөгіс;
  • Қатаң сөгіс;
  • Университеттен шектеу/босату.

Қорытынды ережелер

        Осы Кодекс Университеттің Оқу Кеңесінде бекітілген сәттен бастап күшіне енеді және жаңа Кодекс қабылданған сәтке дейін әрекет етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы Университетінің оқытушылары мен білім алушыларының академиялық адалдық кодексін әзірлегендер:

  1. Нурлихина Г.Б. – ОӘЖ жөніндегі проректоры;
  2. Амангалиева С.Т. – ТЖ жөніндегі проректоры;
  3. Калиева Г.К. – СМЖ бастығы;
  4. Батырбай Н.М.- «Экономика және құқық мектебінің» деканы
  5. Махмутов Б.Л. – «Педагогика мектебі» деканы
  6. Нишанбаева С.- Тіркеу бөлімінің бастығы;
  7. Манжибаева Ж.А.- Оқу үрдісін ұйымдастыру бөлімінің бастығы
  8. Рахманова Н.М.- Оқу-әдістемелік кеңес Басшысы.
WordPress Lessons