kzruen   info@almaty-university.kz    +77026005500      Версия для слабовидящих     

Кітапхана

     Кітапхана оқу және ғылыми процесті әдебиетпен және ақпаратпен қамтамасыз ететін жоғары кәсіптік білім беру ұйымының жетекші құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

      Кітапхана өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің нормативті актілерін, Қазақстан Республикасының «Кітапхана туралы» заңын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары кәсіптік білім беру ұйымдары кітапханасы туралы типтік ережесін, Университет Жарғысын, ректорат және Ғылыми кеңестің өкімдерін басшылыққа алады.

      Алматы университетінің кітапханасы – студенттер мен магистранттар, докторанттар, оқытушы-профессорлар құрамы мен университет қызметкерлеріне арналған мәдени және ақпараттық орталық болып табылады.

       Кітапхана қызметінің мақсаты – университеттің оқыту-тәрбиелеу үрдісін, ғылыми-педагогикалық қызметін, библиографиялық-ақпараттық оқулықтар, оқу-әдістемелік және тағы да басқа қағаз және электронды тасымалдағыш түріндегі көмекші оқу құралдармен қамтамасыз ету.

    Кітапхананың негізгі міндеттері:

      – университеттің профилі мен пайдаланушылардың ақпарат қажеттіліктеріне сәйкес құжаттар қорын түзіп дәстүрлі және қазіргі заманғы ақпарат көздерінде мемлекеттік және басқа тілдерде сақтау;

      – студенттерді оқулықтар, оқу-әдістемелік және тағы да басқа қағаз және электронды тасымалдағыш түріндегі көмекші оқу құралдармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

     – университет профессор-оқытушылар құрамына, студенттерге, магистранттарға, қызметкерлерге қажеттілігіне сәйкес ақпараттық қызмет көрсету;

     – пайдаланушылардың білімін және кәсіби қажеттіліктерін керекті әдебиетпен қамтамасыз ету;

     – кітапхананың кафедралармен, ғылыми және қоғамдық ұйымдармен қызметін үйлестіру;

     – мерзімді басылымдарға жазылу жұмысын жүргізеді.

 

WordPress Lessons