kzruen   info@almaty-university.kz    +77026005500      Версия для слабовидящих     

Қарттарымызға қайырымдылық шарасы жүргізілді

          Қазақтың әрбір мақалы – рух қазынасы, ұлт құндылығы. «Есік алдында төбе болса, ерттеп қойған атпен тең. Ауылыңда қария болса, жазып қойған хатпен тең» деген мақалдың  мағынасы тереңде жатыр.
         Осы тұрғыда қазыналы қарттардың құрметіне, олардың ғұмыр бойы істеген еңбектеріне сый-құрмет көрсету мақсатында  жалғызбасты және  қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектерге көңіл бөлу, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету шаралары   жыл сайын дәстүрлі түрде аталып өтеді.

          Саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің  негізін салуға жол ашқан ата- апаларымыздың төл мерекесі аясында  2020 жылдың  19  қазан күні Алматы университетінде «Қарттар айлығы», «Біз біргеміз», «Ардагерлерді ардақтайық» атты іс-шаралар  аталып өтті. 

          Алматы қаласы, «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалының және Әуезов ауданы әкімінің жоспар тапсырмасы бойынша қазан айында аудандағы  ардагер  қарттарымызға «көңіл бөлу»  қайырымдылық шарасы жүргізілді. 

            Әуезов ауданы әкімдігінің бекіткен тізімі бойынша біздің университетке  бекітілген қарттарымыз, атап айтқанда:

  1. Черкашина Галина Георгиевна
  2. Балтабаев Ғазиз
  3. Альбурина Насима Макаровна
  4. Меркурьева Валентина Степановна
  5. Шалабаева Татьяна Владимировна
  6. Гильмутдинова Эмма Николаевна
  7. Канапьянова Клара Канапьяновна

      Осы қарттарымызға университет ректоры Мүбарак Ермағанбетовтың бастамасымен қайырымдылық шаралары жасалынды.

         Университеттің Жастар ісі жөніндегі комитетінің мүшелері және  Жас Отан Жастар қанатының белсенді студент жастары  ардагерлерге қамқорлық көрсетіп,  құттықтап, азық-түлік жиынтығын  сыйлап, естелікке суретке түсіп  қайтты. 

        Ал қариялар өз естеліктерімен бөлісіп,  жастарға ақ баталарын берді. Қарияң тұрғанда ақыл-ойың да тәжірибең де, сана сезімің де кем болмайды. Ел басына күн туған, қиын-қыстау күндерде халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз қашан да аман болсын!

    

          

WordPress Lessons