kzruen   info@almaty-university.kz    +77026005500      Версия для слабовидящих     

“Құқық” кафедрасы

Қазиев Оңғарбай Қоңыратбайұлы

«Құқық» кафедрасының меңгерушісіShokan.kaziev@mail.ru тел: +77028907076

       Алматы Университеті білікті заңгерлерді даярлауға қатысатын, елдегі жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. «Құқық» – 6B04101 білім беру бағдарламасы Алматы Университетінде уәкілетті органның лицензиясы негізінде ашылған. Түлектер мемлекеттік үлгідегі дипломды алады.

      Кафедра күндізгі және қашықтықтан оқыту түріндегі күндізгі бөлім бакалаврларын даярлайды. Каедрада 7М04201-«Құқық»  білім беру бағдарламасы бойынша магистратура ашылған.

      «Құқық» білім беру бағдарламасы бойынша оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Кафедрада жоғары заң білімі бар 29 оқытушы жұмыс істейді (2 ғылым докторы, 15 ғылым кандидаты, 2 доктор (PhD) 10 ғылым магистрі).

   «Құқық» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын студенттер ғылыми жұмыста, республикалық студенттік ғылыми конференцияларға белсене қатысады. Кафедрада «Цивилист» студентті ғылыми үйірмесі жұмыс істейді. Студенттердің құқықтық санасын тәрбиелеу мақсатында қоғамдағы қаланбайтын құбылыстардың (ЖИТС, нашақорлық, ішімдікке құмарту) алдын-алу үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлері, ғылым және өнердің көрнекі қайраткерлері, денсаулық сақтау қызметкерлері шақырылады. Мұндай сабақтардың барысында студенттер қосымша ақпаратты алады, кәсіптік тәжірибемен алмасады, заманауи қоғамның әртүрлі сұрақтарын талқылайды. 

       Кафедра студенттері сабақтан тыс жұмыстарға белсенді қатысады; университетте өткізілетін түрлі шығармашылық байқаулардың, конкурстардың, фестивальдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылады. Спорттық өмірге жалпы университеттік спорттық іс-шараларға қатысу кіреді.

       Студенттердің кәсіби тәжірибесі жоғары білікті кадрларды даярлауда маңызды рөлге ие. «Құқық» кафедрасының студенттері тәлімгерлерімен бірге мекемелермен, жұмыс берушілермен, сондай-ақ болашақ кәсіптік қызметтің заманауи талаптары және шарттарымен танысу үшін бос орындар жәрмеңкесіне барады. «Құқық» білім беру бағдарламасының бітіруші студенттердің еңбекпен қамтылуы жоғары көрсеткішті құрайды. Қазіргі уақытта кафедра жұмыс берушілердің мүдделерін есепке алу және оқу бағдарламаларын жетілдіру ісінде алдыңғы қатарда тұр.

     «Құқық» кафедрасы үнемі шығармашылық дамуда, оның кадрлық құрамы жетілдірілуде және толықтырылуда, ғылыми-педагогикалық әлеуеттің тұрақты өсу үрдісі байқалады.

WordPress Lessons