kzruen   info@almaty-university.kz    +77026005500      Версия для слабовидящих     

Жарытылыстану және гуманитариялық мамандықтар кафедрасы

Шардарбеков Дуйсенби

«Жаратылыстану және гуманитариялық мамандықтар» кафедрасының меңгерушісі 6 қабат, № 603 кабинет Ақсай-3, Б. Момышұлы көш., 36

2017 жылы 15 қарашада Университеттің Оқу кеңесінің шешімі бойынша «Педагогикалық мамандықтар» кафедрасының базасында «Жаратылыстану және гуманитариялық мамандықтар кафедрасы» құрылды.

Кафедраның  мақсаты мен міндеттері.Білім беру бағдарламасы аясында білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыра отырып, жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту.

  • жаңартылған білім беру мазмұны мен қашықтықтан оқыту нысандарын қағидаттарын, әдістерін, құралдарын ескере отырып жұмысты жоспарлай алатын білікті мамандарды дайындау;
  • ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, қазіргі заманғы ғылыми-практикалық деңгейде оқу процесін қамтамасыз ету, зерттеу қызметін табысты жүзеге асыру;
  • жұмыс берушілердің заманауи талаптары мен критерийлеріне жауап беретін жоғары білікті мамандарды даярлау.

Кафедраның негізгі бағыты. Жаһандану үрдісіне сәйкес ұлттық рухта қоғамдық сананы дамытужәне білім беру бағдарламасы арқылы инновациялық  технологияларды оқу үрдісінде пайдалану арқылы педагогикалық бағыттарда ғылыми-ізденіс жұмыстарын өткізу, оқытушылардың біліктіліктерін арттыру, білім беру үрдісіндегі оқытудың жаңа әдістері бойынша  зерттеу жұмыстарын жүйелендіру.

Кафедраның халықаралық байланыстары кең ауқымды және тұрақты. Кафедра РФ(Институт деловой карьеры, Московский институт психоанализ) Украина ( Запорожский национальный университеті) Латвия (Балтийская Международная академия)Қырғызстан (Қырғыз-Қазақ университеті) т.б. университеттерімен халықаралық байланыста жұмыс жасайды.

Сондай-ақ, кафедра еліміздегіЕуразия гуманитарлық институты, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті, Шет тілдері және іскерлік мансап университеті мен Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты, ҚР Президенті мұрағаты, ҚР Орталық мемлекеттік мұражайы, т.б. ғылыми-зерттеу мекемелерімен тығыз байланыстар орнатқан.

Кафедра құрамында 42 оқытушы, ғылыми атағы барлар – 76 %;  ғылым докторы, профессорлар –4 ; ғылым кандидаты, доценттер – 27; Магистр – 11.

Кафедраның 1 оқытушысы «ҚР үздік оқытушысы» грант иегері болып табылады. ф.ғ.к. доцент Рахманова Нұржанат Малдыбайқызы.

WordPress Lessons