АЛМАТЫ УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТЕРІ МЕН МАГИСТРАНТТАРЫНЫҢ
ЭТИКАЛЫҚ КОДЕКСІ
АЛМАТЫ УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТЕРІ МЕН МАГИСТРАНТТАРЫНЫҢ ЭТИКАЛЫҚ КОДЕКСІ
Біз, Алматы университетінің студенттері мен магистранттары, Қазақстан Республикасының лайықты азаматтары болуға жасалынған ұмтылысқа негізделіп, таңдаған болашақ кәсібіміздің жоғары қоғамдық маңыздылығын түсініп, информатика саласындағы мамандар, педагогтар, заңгерлер, экономисттер, менеджерлер, кәсіпкерлердің жаңа буынын құруға өзіміздің қатыстылығымызды саналы ұғынып, тәжірибелік қызметте жоғары білікті кәсіпқойларға қажетті, тұрақты құзыреттіліктерді иелену ниетіне негізделіп, бізге туған университетімізге сүйіспеншілік және құрмет сезімін бере білген алдыңғы қатардағы студенттердің дәстүрлерін қолдап, жалпы мойындалған моральдық нормалар мен құндылықтарды басшылыққа алып, осы арқылы Алматы университетінің студенттері мен магистранттарының осы Этикалық кодексін (бұдан әрі – Кодекс) қабылдаймыз және оның ережелерін қадағалауға міндеттелеміз.
Осы Кодекстің талаптары жалпы мойындалған адамгершілік құндылықтары негізінде, сондай-ақ университеттің өмір сүру жылдарында қалыптасқан мінез-құлықтар стандарттары мен дәстүрлерінде құрылған.
Тарау 1. Жалпы ережелер
Бұл Этикалық кодекс Алматы университетіндегі оқу кезінде студенттің (магистранттың) мінез-құлық ережелерін және этикалық нормалар жүйесін анықтайды.
1.1. Этикалық кодекс келесілерге бағытталған:
1.2. Осы Этикалық кодекстің ережелері мен этикалық нормаларды қадағалау барлық білім алушылар үшін міндетті болып табылады және олардың өзіндік дамуы үшін ықпал етуі тиіс.
1.3. Әрбір студентке (магистрантқа) осы Кодекстің көшірмесі табысталады. Студент (магистрант) Этикалық кодексті өзгерту және толықтыру туралы ұсыныстарды енгізе алады.
1.4. Университеттің әкімшілігі кафедралардың отырыстарында, Оқу Кеңесінде Этикалық кодекс ережелерінің бұзушылық жағдайларын қарастыруға және әкімшілік шараларды қолданғанға дейін сәйкес қорытындыларды шығаруға құқылы.
1.5. Алматы университетінің студенті (магистранты) танысу сәтінен бастап осы Этикалық кодекстің барлық ережелерін орындауға үнделеді.
Тарау 2. Университетте білім алушылардың құқықтары мен міндеттері
2.1. Алматы университетінің студенттері мен магистранттары келесілерге құқылы:
2.2. Алматы университетінің студенттері мен магистранттарының міндеттері
Тарау 3. Оқу кезіндегі мінез-құлықтың этикалық ережелері
3.1. Студенттер мен магистранттар оқу үрдісіне белсенді қатысуы тиіс, себебі оқуда екі тарап та белсенді, олар – оқытушы және білім алушы. Студент (магистрант) сабақтың мазмұнына қатысты сұрақтарды қоя алады, алайда мұны оның жүргізілуін бұзбайтын тәсілдермен жасауы тиіс. Орнында отырып сөз сөйлеуге жол берілмейді.
3.2. Барлық аудиториялық сабақтарға міндетті түрде қатысу: дәрістер, семинарлар, тәжірибелік сабақтар студенттің (магистранттың) жеке мәдениетінің көрінісі болып табылады. Сабаққа келмеген білім алушы оқытушыға және ЖОО басшылығына оның келмеу себептерінің дәйектілігіне аргументтелген түсіндірме беруі тиіс.
3.3. Әрбір студент (магистрант) тәртіпті ұстануға міндетті. Студент (магистрант) сабақтың (дәрістердің және семинардың) кезінде оны өзгелердің назарын аударатын әңгімелермен, қозғалыстармен кедергі келтірмеуі тиіс.
3.4. Студенттер және магистранттар сабаққа ол басталғанға дейін келуі тиіс. Кешіккендер аудиторияға босатылмайды.
3.5. Оқу сабақтары кезінде ұялы байланыс телефонының дабылы ажыратылуы немесе, ең болмағанда, дыбыссыз тәртіпке көшірілуі тиіс.
Тарау 4. Алматы университетінің тұлға аралық қатынастар этикасы
4.1. Студенттер (магистранттар) тұлға аралық қатынастар этикасын қадағалауы, ұлттық тиістілігі, діні, көзқарасы, сенімдеріне қарамастан оқытушыларға, курстастарына құрмет білдіруі тиіс;
4.2. Студент (магистрант) оның құқықтары мен еркіндіктерінің іске асырылуы өзге тұлғалардың құқықтары мен еркіндіктеріне залал келтірмеуі тиістігін түсінуі тиіс;
4.3. Студент (магистрант) өзінің жеке мүдделерін академиялық топ мүдделерінен жоғары қоймауы, жеке және жалпы мүдделер арасындағы саналы аражікті табуға ұмтылуы тиіс;
4.4. Әрбір студент (магистрант) ұжымдағы жайлы моральдық-психологиялық микроклиматқа қолдау көрсетуге ұмтылуы, топ басшысына қажетті көмекті көрсетуі өтініштерге түсіністікпен қарауы тиіс;
4.5. Әрбір стундетке (магистрантқа) оқудан тыс уақытта топтың өміріне мүмкіндігіне қарай белсенді қатысуы, бос уақыттың қызықты және пайдалы өткізілуінің бастамашысы болуға тырысу керек;
4.6. Әрбір студент (магистрант) топтағы оқиғалар үшін жеке жауапкершілікті сезінуі, шиеленістерге жол бермеуі, курстастарға дұрыс қатынас жасауы, көпшілік пісір алмасу кезінде олардың беделіне қасақана нұқсан келтірмеуі тиіс;
4.7. Университеттің студенті (магистранты) курстастарының ұлттық дәстүрлері, әдет-ғұрыптарына, тәрбие және дүниетанымындағы ерекшеліктерге құрметпен қарауы, ұлтаралық және конфессия аралық келісімге ықпал етуі тиіс;
4.8. Оқытушының немесе жасы үлкен университет қызметкерінің аудиторияға кіруі кезінде студент (магистрант) орнынан тұруы және кірушінің сәлемдесуіне жауап беруі тиіс;
4.9. Оқытушылармен, университеттің қызметкерлерімен кездесу кезінде студент (магистрант) жайдары әрі ілтипатпен амандасуы тиіс;
4.10. Әрбір студенттің (магистранттың) міндеті – университеттің қызмет көрсететін персоналының еңбегін құрметтеу, университеттің қалыпты қызмет етуі үшін жағдай жасаушыларға қатынасы бойынша өзін мұқият және дұрыс ұстауға;
4.11. Студенттердің (магистранттардың) және оқытушылардың жеке өмірі туралы ақпаратты олардың келісімдерінсіз жинауға, пайдалануға және таратуға жол бермеуге;
4.12. Университеттің студенті (магистранты) қоршаған ортамен қатынастарды әділділік негізінде, адамгершілік нормаларын қадағалай отырып, құрады. Студент (магистрант) қоршаған орта туралы жалған ақпаратты таратуына, дөрекілік, кемсітушілік қатынас жасауына, шиеленісті жағдайларды шешу кезінде психологиялық қысым, дене күшін қолдануына жол бермеуі тиіс.
Тарау 5. Университетке студенттің қатынасының этикалық негіздері
5.1. Студент (магистрант) университеттің тарихын білуі, университеттің дәстүрін қолдауы және дамытуы, өз ЖОО беделі мен мәртебесі туралы қамқорлық етуі, оның беделін жоғарылатуы тиіс. Әрбір студент (магистрант) өзінің университет өкілі болып табылатындығын есте сақтау қажет, сондықтан Алматы университетінің студенті (магистранты) жоғары атағына сәйкес көрінуі және лайықты ұстауы тиіс.
5.2. Университеттің кез-келген корпусына кіру кезінде студент (магистрант) құжаттарды – студенттік билетті немесе сынақ кітапшасын көрсетуге міндетті. Күзет өкілімен сөзге келуге, дөрекі түрде сөйлесуге жол берілмейді.
5.3. Студент (магистрант) ЖОО аралық қатынаста университетті лайықты ұсынуы, өз мүдделерін табандауы, ЖОО аралық байланыстарды орнатуға ықпал етуі, студенттердің оқуы, ғылымы, шығармашылығы мен тұрмысы сұрақтары бойынша өзге ЖОО қоғамдық бірлестіктерімен серіктесуі тиіс.
5.4. Студенттерге (магистранттарға) жайдағылардың денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіруі мүмкін құрылғыларды, бұйымдарды немесе заттарды жайға әкелуіне қатаң тыйым салынады. Студент (магистрант) қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтар талаптарын қадағалауы, университеттің жайларында ғана емес, сонымен бірге аумағында шылым тартуға тыйым салынатындығын есте сақтауы тиіс.
5.5. Сабақтарда студенттер (магистранттар) таза, мұқият киінген, ашық бет бояларына жол бермегендері жөн. Спорттық киімді (дене мәдениеті сабақтарынан өзге) киюге, университетте сыртқы киіммен және бас киіммен жүруге жол берілмейді.
5.6. Білім алушылар университеттің кітапхананың кез-келген баспа басылымына мұқият қатынас жасауы тиіс: оқулықтарға, оқу құралдарына, көркем, анықтамалық әдебиетке, газеттер мен журналдарға.
5.7. Ректораттың рұқсатынсыз бөгде тұлғаларды университеттің ғимаратына әкелуге, әкімшіліктің рұқсатынсыз оқу және өзге жайлардан әртүрлі заттарды және қондырғыны шығаруға.
5.8. Университетте аудиторияларда, дәліздерде және арнайы бөлінген жайлардан өзге орындарда тамақ қабылдауға жол берілмейді. Асхана және буфетте білім алушы сыртқы киімсіз болуы, өзін қоршаған ортасына ілтипатты, сыпайы ұстауы, өзіндік қызмет көрсету ережелерін қадағалауы тиіс.
Тарау 6. Этикалық кодексті орындамағандығы үшін жауапкершілік
6.1. Осы Кодекспен қарастырылған ережелердің бұзылуы жағдайында білім алушыға Университеттің Жарғысымен және ішкі нормативтік құжаттармен қарастырылған тәртіпте тәртіптік жауапкершілік шаралары қолданылады.
Тарау 7. Қорытынды ережелер
7.1. Алматы университетінің студентінің (магистрантының) этикалық кодексі болашақ мамандардың қызметтерін сәтті іске асыру мүмкін емес адамгершілік-этикалық сапаларды дамытуға қажетті бағдарды беру үшін арналған.
7.2. Студенттік жылдары адамгершілік әдеттеріне тәрбиелеу, осы Кодекстің талаптарын қадағалау болашақ мамандардың қызметінің этикалық негіздеріне ықпал ететін болады.
7.3. Этикалық кодекс талаптарын орындау студентке (магистрантқа) тұлғаның өзіндік бағасын жоғарылату, қарым-қатынас дағдыларын дамыту, өзімен, өзінің ар-ұятымен үйлесімділікте болу мүмкіндігін береді.
7.4. Этикалық кодексті қадағалау университеттің әрбір студентінің (магистрантының) адамгершілік міндеті болып табылады.