kzruen   info@almaty-university.kz    +77026005500      Версия для слабовидящих     

«Еріктілер тобы» қарттармен кездесу өткізді

       2020 жылдың 24 қаңтар күні  Әуезов ауданы әкімі аппаратының қолдауымен,  Еріктілер жылы аясында № 3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының  Бастауыш Партия Ұйымының және Алматы университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректоры С.Қ.Әлдекеновтің ұйымдастыруымен университет «Еріктілер» тобының студенттері  орталықтың  қызмет алушыларымен Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрында өткен «Келіндер көтерілісі»  спектаклін тамашалап қайтты. 

         Осы мәдени іс –шараға атсалысқан университет ректоры Мүбарак Ермағанбетұлы мырзаға, Әуезов ауданы әкімі аппаратына және  №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының мәдени ұйымдастырушысы  Назира Жусипбекова ханымға Алғыс білдіреміз.

     Өз алдына шексіз алғыстары мен ризашылықтарын білдірген қарттарымызбен бірге естелікке суретке түсті.

       Осындай ізгі іс – шаралар жиі-жиі өткізіліп,  ерікті белсенділеріміз қарттардың көңілдерін қуанышқа толтырып жатса нұр үстіне нұр болары сөзсіз. 

    «Қариясы бар үйдің – қазынасы бар» дегендей қарт кісілерді сыйлайық, барында бағалай білейік! 

 


 

WordPress Lessons