22 сәуір 2020 жылы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Қазақ Ұлттық Қыздар педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен , Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері арасында VIІ дәстүрлі «Ұлы даланың Ұлы қыздары» атты зияткерлік – онлайн олимпиадасы өткізілді. Бұл олимпиадаға Алматы университетінің 2 курс тарих мамандығы студенттерінен құралған «Ұлы дала қырандары» командасы да қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды! Ғылыми жетекшісі: Алматы университетінің профессоры, т. ғ. к., Селкебаева Айман Тоқтасынқызы.