Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні аталып өтті

     Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні  –  тарихы  тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған арманына, тəуелсіздік таңына қол жеткізгенімізге – 29 жыл!

  2020 жылдың 14 желтоқсан күні Алматы университетінде онлайн форматта елдігіміздің, егемендігіміздің нышаны «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні»  мерекесіне орай «Тәуелсіздік таңы» атты салтанатты жиын өткізілді.         

         Мерекелік жиынды тәрбие ісі жөніндегі проректор Сағат Әлдекенов ұйымдастырып, университет ректоры, профессор-оқытушылар құрамы және студент жастар қатысты. 

          Жиын модераторы,  университет ректоры,  Мүбарак Ермағанбетұлының  құттықтау сөзі мен жылы лебізінен бастау алған іс-шара университет профессор-оқытушыларының баяндамасымен жалғасын тапты. Атап айтқанда: Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Сламбеков Зарықбек – «Ұлттық рух және тәуелсіздік», Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Селкебаева Айман Тоқтасынқызы – «Тұғыры биік –Тәуелсіздік», заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Казиев Онгарбай Коныратбаевич – «Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы дамуы»,  Экономика ғылымдарының докторы, профессор Стамкулова Калиаш Утембековна – «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан Республикасының – әлеуметтік экономикалық дамуы», Саясаттану мамандығы бойынша философия докторы (PhD), Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі  Махмутов Бекен Лесбекович –  «Тәуелсіздік ел бақыты» тақырыптарында баяндама оқыды.

            Сонымен қатар, бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан мереке қарсаңында жыл сайынғы дәстүр бойынша бірнеше қызметкерлер  елеулі  еңбек еткендері үшін университет ректорының құрмет грамотасымен және алғыс хатымен  марапатталды. 

           Жиын соңында Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Марденов Құрманғазы  әуелете ән шырқап,  Шалхарбай Айдана қара өлең оқып  көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. 

            Тəуелсіздігіміз, елдігіміз, егемендігіміз – мəңгілік болсын! Әрқашан көк туымыз ашық аспанымызда желбірей берсін!

WordPress Lessons