kzruen   info@almaty-university.kz    +77026005500      Версия для слабовидящих     

Ұстаздар күніне арналған мерекелік құттықтау

Ұстаздар күніне арналған мерекелік құттықтау

   Алматы университетінде 2020 жылдың 2 қазан күні Жастар ісі жөніндегі комитеті мен Жас Отан Жастар Қанаты ұлағатты ұстаздарды кәсіби мерекесімен онлайн режимінде бейнеролик арқылы құттықтады.
   Университет ректоры Ермағанбетов Мубарак Ермағанбетұлы университеттің профессорлық-оқытушылар құрамын онлайн режимінде құттықтап, «Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек. Осындай жолы мен жөні бөлек аяулы ұстаздарымыз – шәкірттерінің мақтанышы ғана емес, бүкіл ел мақтанышы. Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектеріңізге шын пейілмен алғыс айтамын, «Ұстаздар күні» мерекесімен құттықтаймын» деді. Сонымен қатар кәсіби мереке қарсаңында білім және тәрбие саласына өзінің елеулі үлесін қосып, жас ұрпаққа өнегелі тәлім-тәрбие беріп жүрген университетіміздің тәрбие ісі жөніндегі пороректоры Әлдекенов Сағат Құтбанұлы Н.Сац атындағы жасөспірімдер театрының алдында Әуезов ауданының әкімі С.Т.Сайфеденовтің алғыс хатымен марапатталды.
Өз істерінің жоғары деңгейдегі мамандары атанған осы бір құрметті жандарға ақ тілектер мен ыстық ықылас білдірген білім ордасының студенттері ерекше көңіл-күй сыйлады.
    Мерейлi мерекелерiңiз құтты болсын, қымбатты Ұстаздар!

WordPress Lessons