kzruen   info@almaty-university.kz    +77026005500      Версия для слабовидящих     

Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

Шифр
6B01401
Профильные предметы
Шығармашылық емтихан + Шығармашылық емтихан
Языки обучения
қазақ, орыс
Формы обучения
Күндізгі

Мамандық туралы ақпарат

Бакалавриаттың 6В01401-Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау бағытындағы білім беру бағдарламасы жоғарғы білікті кадрлар даярлауға бағытталған.
6В01401-Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.
Білім беру бағдарламасының мақсаты: Заманауи технологияларды пайдалана отырып, кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті жоғары білікті дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау және ғылыми жетістіктерге негізделген педагогикалық процесті ұйымдастыру.

Ббб -нан күтілетін оқыту нәтижелері
6В014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау бойынша окыту нәтижелері құзыреттіліктер арқылы көрсетіледі және оқытудың 1-деңгейі (бакалавриат) Дублин дескрипторлары негізінде жобаланады.
Бірінші деңгей дескрипторлары мынадай қабілеттіліктерді қарастырады:
– Мәдениет пен дінге байланысты кең дүниетаным, сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылыққа қарсы моральдық-адамгершілік және құқықтық жауапкершілікті қалыптастыру;
– Спорттық метрологияның негіздерін, гимнастикада қолдануға арналған спорттық құрылыстардың құрылысын, шаңғымен және конькимен сырғанау үшін спорттық құралдарды таңдауды және пайдалануды, жас ерекшеліктері мен дене шынықтыру деңгейлерін ескере отырып анықтау;
– Кәсіби сөйлеу жағдайларындағы нақты коммуникативтік міндеттерді лингвистикалық құралдармен шешу, өзінің кәсіби қызметінде терминдерді қолдану;
– Білім берудегі басқару қызметінің мәнін ұсыну, елде инклюзивті оқытуды дамыту, психологиялық үрдістерді, педагогикалық мектептерді ажырата отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының және оқу бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын талдау; жаңартылған білім беру мазмұны мен қашықтықтан оқыту нысандары жағдайында оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын, қағидаттарын, нысандарын, әдістерін, құралдарын ескере отырып жұмысты жоспарлау;
– Ғылыми зерттеулерді дене шынықтырумен, спортпен, дене тәрбиесімен, спорттық жаттығудағы озық технологиялармен, дене жүктемелерін іріктеумен біріктіру
– Ағзаның бұлшық ет жүктемелеріне бейімделуінің физиологиялық механизмдерін бағалау, күштік спорт түрлерінде, жаттығуларда қозғалыс дағдыларын дамыту
– Футболдан жаттығу өткізу теориясы мен әдістемесін ескере отырып, дене тәрбиесінің әлеуметтік маңыздылығын, таңдаған спорт түрінің уәждемесін түсіндіру
– Дене шынықтыру мұғалімі және таңдаған спорт түрінің жаттықтырушысы ретінде білім беру, тәрбиелік, спорттық, ұйымдастырушылық және сауықтыру жұмыстарын өткізе білу.
– Білім беру, жаттықтыру және жарыс өткізу үдерістеріне, дене шынықтыру-спорттық ұйымдар қызметіне арналған жоспарлар жасап, оларды әдістемелік қамсыздандыру, тіркеу және есеп жүргізу
– Дене тәрбиесі, спорттық жаттығу, рекреация, оңалту саласындағы білімдерін, оқытылатын саладағы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде көрсету
– Дене тәрбиесіне бейімдеуде ойын түрінің негізгі заңдылықтарын түсіндіру және жүзуде техникалық және тактикалық әрекеттерді жетілдіру, оқу процесін ұйымдастыруда немесе өткізуде кәсіби дағдыларды дамыту.

Оқытылатын пәндер

Мансап

Бүгінгі таңда «Алматы» Университеті – бұл 39 білім беру бағдарламалары, оның ішінде 26 бакалавриат мамандықтары, 11 – магистратура, 2– PhD докторантура бойынша оқу жүргізілетін, «Педагогикалық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат», «Бизнес, басқару және құқық», «Қызмет көрсету» кадрларды даярлау бағыттары бойынша жаңа форматтағы заманауи көп бейінді ЖОО.

WordPress Lessons