kzruen   info@almaty-university.kz    +77026005500      Версия для слабовидящих     

География мұғалімдерін даярлау

География мұғалімдерін даярлау

Шифр
6B01503
Профильные предметы
География + Әлем тарихы
Языки обучения
қазақ, орыс
Формы обучения
Күндізгі, Сырттай, қашықтықтан оқыту пайдалану

Мамандық туралы ақпарат

Бакалавриаттың 6В01 педагогикалық ғылымдар саласындағы 6В015 ғылыми жаратылыстану пәндері бойынша  6В01503 – “География мұғалімдерін дайындау”  бағытындағы  білім беру бағдарламасы  жоғарғы білікті кадрлар даярлауға бағытталған.

6В01503 – “География мұғалімдерін дайындау”  білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Білім беру бағдарламасының мақсаты: Дәстүрлі және инновациялық географиялық әдістер мен ақпарат көздерін пайдалана отырып, қоршаған ортаның  өзгерістері мен түрленулерін бағалайтын, географиялық кеңістіктің ерекшеліктерін дұрыс бағдарлай алатын, кәсіби міндеттерді өз бетінше және шығармашылықпен шеше алатын әдіснамалық сауатты, білікті педагогтарды дайындау.

Ббб -нан күтілетін оқыту нәтижелері
6В015- Жаратылыстану-ғылыми пәндер мұғалімдердін даярлау бойынша окыту нәтижелері құзыреттіліктер арқылы көрсетіледі және оқытудың 1-деңгейі (бакалавриат) Дублин дескрипторлары негізінде жобаланады.
Бірінші деңгей дескрипторлары мынадай қабілеттіліктерді қарастырады:
– Қазіргі қоғамның әлеуметтік-гуманитарлық даму заңдарын түсіну, мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша қарым-қатынастың негізгі әдістері мен тәсілдерін меңгеру, интеллектуалдық, моральдық-адамгершілік, мәдени, коммуникативтік, ұйымдастыру-басқару дағдыларын дамытуға ұмтылу.
– Менеджмент негіздерін меңгеру, адамгершілік-эстетикалық, рухани мәдениетті, тұлғалық өзін-өзі көрсету және өзін-өзі бекіту, педагогикалық шығармашылықты ынталандыру.
– Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту қажеттілігіне ден қою, олардың жалпы және психикалық, психофизиологиялық дамуының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, инклюзивті білім беру мазмұнындағы, тәсілдерін, құрылымдарындағы және стратегияларындағы өзгерістерді анықтау.
– Тиімді шешімдерді таңдауға бағытталған шығармашылық және теориялық ойлауды дамытуда географияны қашықтықтан оқыту үдерісінде студенттерді қолдау және бағыттау.
– Интернет-ресурстарын ақпаратты іздеуге, сақтауға, өңдеуге, қорғауға және таратуға арналған мобильді қызметтерді жеке қызметте әр түрлі ақпараттық- коммуникациялық және сандық технологияларда қолдану
– География ғылымының ұғымдары мен терминдерін тұжырымдау және түсіндіру; физикалық және әлеуметтік-экономикалық география саласындағы іргелі білімді интеграциялау;
– Жаңартылған білім беру мазмұнының мақсат- міндеттеріне және күтілетін нәтижелеріне сәйкес оқытудың, тәрбиелеудің инновациялық технологияларын қолдану;
– Өңірдің шаруашылықтары мен халқын ұйымдастыру мен орналастырудың негізгі заңдылықтарына кешенді талдау жүргізу, қоршаған орта мен қоғам арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды орнату, аймақтық, жергілікті және экологиялық мәселелерді анықтау;
– Картография, геоэкология, физикалық, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, саяси география салаларын қоса алғанда география ғылымдарының білімі мен түсінігін көрсету білу.
– Географиялық процестерді болжау үшін ГАЖ технологиясы арқылы географиялық ақпаратты өңдеудің заманауи инновациялық әдістерін қолдану;
– Кәсіби қызмет саласындағы міндеттерді шешу үшін берілген білім беру бағдарламасы бойынша алған білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын қолдану.

Оқытылатын пәндер

Мансап

Бүгінгі таңда «Алматы» Университеті – бұл 39 білім беру бағдарламалары, оның ішінде 26 бакалавриат мамандықтары, 11 – магистратура, 2– PhD докторантура бойынша оқу жүргізілетін, «Педагогикалық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат», «Бизнес, басқару және құқық», «Қызмет көрсету» кадрларды даярлау бағыттары бойынша жаңа форматтағы заманауи көп бейінді ЖОО.

WordPress Lessons