kzruen   info@almaty-university.kz    +77026005500      Версия для слабовидящих     

Биология мұғалімдерін даярлау

Биология мұғалімдерін даярлау

Шифр
6B01502
Профильные предметы
Биология + Химия
Языки обучения
қазақ, орыс
Формы обучения
Күндізгі, Сырттай, қашықтықтан оқыту пайдалану

Мамандық туралы ақпарат

Бакалавриаттың 6В01 педагогикалық ғылымдар саласындағы 6В015 ғылыми жаратылыстану пәндері бойынша  6В01502 – “Биология мұғалімдерін дайындау”  бағытындағы  білім беру бағдарламасы  жоғарғы білікті кадрлар даярлауға бағытталған.

6В01502 – “Биология мұғалімдерін дайындау” білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Білім беру бағдарламасының мақсаты: биологиядағы қоғамдық мүдделердің мәселелерін дәлелдеуге және шешуге қабілетті инновациялық ойлауға, озық технологияларды меңгеруге қабілетті, бәсекеге қабілетті ғылыми және педагог кадрларды, жаратылыстану саласындағы мамандарды даярлау.

Ббб -нан күтілетін оқыту нәтижелері
6В015- Жаратылыстану-ғылыми пәндер мұғалімдердін даярлау бойынша окыту нәтижелері құзыреттіліктер арқылы көрсетіледі және оқытудың 1-деңгейі (бакалавриат) Дублин дескрипторлары негізінде жобаланады.
– Қазіргі қоғамның әлеуметтік-гуманитарлық даму заңдарын түсіну, мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша қарым-қатынастың негізгі әдістері мен тәсілдерін меңгеру, интеллектуалдық, моральдық-адамгершілік, мәдени, коммуникативтік, ұйымдастыру-басқару дағдыларын дамытуға ұмтылу.
-.Білім берудегі басқару қызметінің мәнін көрсету, елдегі инклюзивті оқытуды дамыту, психологиялық үрдістерді, педагогикалық мектептерді ажырату, цифрлық білім беру технологияларын қолдану арқылы қашықтықтан оқыту жағдайында оқу процесін құрудың практикалық тәжірибесін қөрсету; білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында оқу процесінің педагогикалық және дидактикалық принциптері арасындағы байланысты жіктеу, орнату;
– Қазіргі әлемнің алуантүрлілігін байланыстыра отырып, мәдениеттің, діннің, адамның тіршілігінің тұтас дүниетанымын қалыптастыру
– Биологиялық ғылымның даму тарихын, қазіргі кезеңдегі жағдайы мен құндылығын, эволюция туралы ілім, Туған жер биотының биогеографиялық талдауын, оның өзгеруін талдау
– Жануарлардың жасушаларының, тіндері мен ағзаларының микроскопиялық құрылымының теориялық негіздерін, ағзаның қызметін, оны ұйымдастыру принциптерін, механизмдердің өзара әрекеттесуін ашып көрсету.
– Жалпы және органикалық химияның негізгі заңдылықтарын, олардың сипаттамаларын, организмдер құрамын, биологиялық заттардың сыныптарын, тіршілік процестеріндегі заттардың өзара әрекеттесуін сипаттау
– Топырақтану және топырақ құнарлылығын зерттеу, биотехнология жетістіктерін ескере отырып Тірі организмдер өндірісі бойынша зертханалық-аналитикалық жұмыстарды көрсету
– Көптеген омыртқалы жануарлар дүниесінің әр түрлі кластарын, оның негізгі эволюциялық кезеңдерін, автотрофты және гетеретрофиялық өсімдіктердің зат айналымы мәнін анықтау.
– Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес және қашықтықтан оқыту жағдайларында биологияны оқытудағы инновациялық технологияларды көрсету, студенттердің биологиялық ойлауын дамыту, тұтас жаратылыстану-ғылыми дүниетанымын көрсету
– Жаңартылған білім беру мазмұнының мақсат- міндеттеріне және күтілетін нәтижелеріне сәйкес оқытудың, тәрбиелеудің инновациялық технологияларын қолдану;

Оқытылатын пәндер

Мансап

Бүгінгі таңда «Алматы» Университеті – бұл 39 білім беру бағдарламалары, оның ішінде 26 бакалавриат мамандықтары, 11 – магистратура, 2– PhD докторантура бойынша оқу жүргізілетін, «Педагогикалық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат», «Бизнес, басқару және құқық», «Қызмет көрсету» кадрларды даярлау бағыттары бойынша жаңа форматтағы заманауи көп бейінді ЖОО.

WordPress Lessons