Алматы университетінің «Бірлік» Бастауыш партия ұйымы Алғыс хатпен марапатталды

         Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Алматы университетінің «Бірлік» Бастауыш партия ұйымы барлық шынайы патриоттарды, бастамашыл және жауапкершілігі мол отандастарды аймақ пен елді қарқынды дамыту мен өркендету мақсатында өткізілген Праймериз қатысушыларын таңдап, дауыс беруде белсенді атсалысты.

     Елбасы «Нұр Отан» партиясының төрағасы  Н.Ә. Назарбаевтың стратегиялық бағдарламаларын, партияның мақсаттары мен міндеттерін іске асыруда жоғары жауапкершілік көрсетіп, «Nur Otan» партияcымен Қазақстанның партиялық – саяси даму тарихында алғаш рет жалпыреспубликалық масштабта өткен  Праймеризге қосқан зор үлесі үшін  Алматы қаласының әкімі, «Нұр Отан» партиясы, Алматы қалалық филиалының төрағасы Б.Сағынтаевтың Алғыс хатымен марапатталды.

WordPress Lessons