kzruen   info@almaty-university.kz    +77026005500      Версия для слабовидящих     

Аудандық «Армысың, Алтын күз» атты байқау өтті

    2019 жылдың 15 қарашасы күні, Әуезов ауданы әкімі аппаратымен бірлесе отырып, Алматы университетінің ұйымдастыруымен Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру мақсатында, «Халықаралық студенттер күні» мерекесі аясында, жоғарғы оқу орындары (Нархоз университеті, Алматы технологиялық университеті, Алматы университеті, Қазақ қатынас жолдары университеті)  және арнайы орта оқу орындары арасында аудандық «Армысың, Алтын күз» атты байқау өтті. Байқаудың мақсаты – болашақ кәсіби мамандардың бойына берік құндылықтарды қалыптастыру, мәдени өмірге белсенді атсалысудағы және оқу орындары арасындағы өзара байланыстылықты нығайту.

    Байқаудың қазылар алқасының төрағасы Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, актер, композитор, драматург  – Байғали Мақұлбекұлы Есеналиев,  құрамында Алматы қаласы, Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Дастан Қайратұлы, Сулейман Демирел атындағы университінің әлеуметтік даму ісі жөніндегі проректоры- Муаммер Ташчы, Мемлекеттік орталық музейдің кадр бөлімінің бастығы Бақыт Алдабергенова, Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері, Дэдэ Горгуд Ұлттық қорының және Әзірбайжан Республикасы халықаралық журналының Қазақстандағы өкілі, Ресейдің экология және биоресурстар бойынша Халықаралық Ғылым Академиясының Корреспондент-мүшесі, Гейдар Алиев атындағы  Әзірбайжан-Қазақстан республикалық достық қоғамының Вице-президенті, Нұр Отан партиясының мүшесі, жазушы-публицист Насиха Гумарқызы Кенжина, белгілі сәнгер – Арайлым Мадиярханқызы  Ерболина,  Қоғам қайраткері, партия ардагері, «Нұр Отан» партиясы, Әуезов ауданы Саяси кеңес мүшесі Дария Әбіқұлқызы Сарқытбаева  болды.

        Байқаудың шымылдығын түріп, жандандырған Мұқамет Үмітнұр, Сәдуақасова Жаннұр, Әбдімәжит Ақжарқын қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде  жүргізді.                                                      

      Байқау өте жоғары деңгейде өткізілді. Осындай қызықты да әсерлі кештің өтуіне ұйытқы болған тәрбие ісі жөніндегі проректоры Сағат Құтбанұлы Әлдекеновке  студент жастар өздерін оқуда да, өнерде де озатты екендіктерін дәлелдеді. Мерекелік сайысқа қатысқан әр жұптың өзіндік ерекшеліктері бар. Сайыста барлық жұптың алды болған, жүлделі орынның иегерлері, күзгі балдың ханзадасы мен ханшайымы атанған ҚҚЖУ жанындағы техника-экономикалық колледжі  көрермен көңілінен шыға білді. Заманауи би, креативті таланттарымен әділқазылар алқасын жаулап алған  ЕуразНИ қаржы –экономикалық колледжі бірінші орынды, Алматы университеті және Нархоз университетінің экономикалық колледжі  екінші  орынды иеленді. Үшінші орынды иеленген Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі, Д.Қонаев атындағы колледжі, Алматы көпсалалы колледжі сыпайылығымен, жарасымдылығымен жанкүйерлер жүрегін баурап алды. Қалған қатысушылар Алматы құрылыс-техника колледжі,  Халықаралық бизнес және коммуникация колледжі, Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжі  номинациялар бойынша марапатталды. Студенттер алдағы уақытта да аталмыш байқаудың жылдан-жылға ұласатындығына сенім білдіріп отыр. Байқаудың жеңімпаздарына алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар тапсырылды.     

WordPress Lessons