kzruen   info@almaty-university.kz    +77026005500      Версия для слабовидящих     

Түлектер қауымдастығы

Түлектер қауымдастығы

Алматы университеті түлектерінің Қауымдастығы 27.08.16 жылы құрылған. 15.09.2016 жылы жалпы жиналыста Ақан Тоқтағазыұлы Тұрсынбаев қауымдастықтың президенті ретінде сайланды.         Қауымдастықтың орынбасары Болатбеков Жұмабек Балтабайұлы, оның мүшелері Спанов Ринат Серікұлы, Сәлімбай Гүлнұр Нұртайқызы, Қайрат Нұртас, Елбосынов Ғазиз Қайнарұлы, және Құралбекова Шырын Қайратқызы хатшы ретінде сайланды.       Біз Алматы университеті түлектерінің Қауымдастығы университетіміздің қалыптасуы мен дамуына мол үлес қосатындығына сенеміз.

Мақсаты:

  • Алматы университетін ұлттық және халықаралық деңгейлерде нығайту және оның ғылыми, сапалық білім беру және педагогикалық дағдыларын дамыту.
  • Қауымдастық мүшелерінің шығармашылығы мен ғылыми білімдерін, кәсіби біліктіліктерін дамыту, тәжірибе алмасу.
  • Ғылым және білім беру саласындағы қоғам мен жұртшылықтың мүдделеріне бағытталған, Қауымдастық мүшелерінің кәсіби, білім беру, ғылыми талаптарын қанағаттандыру.

Міндеттер:

  • Алматы университетінің түлектері арасында тұрақты кәсіби қатынастарды орнату.
  • Алматы университеті түлектерінің жеке және кәсіби өсуіне көмектесу.
  • Алматы университеті түлектері туралы ақпараттық банкті құру және жаңарту.
  • Студенттердің кәсіби даярлығына көмектесу («дөңгелек үстелдер», конференциялар, тағылымдамалар, шетелде оқыту).
  • Алматы университеті түлектерінің шетелде тәжірибе алмасуы және қарым-қатынасы.
  • Алматы университеті түлектерінің материалдық-техникалық базасының дамуына көмектесу.
  • «Алматы университеті түлектерінің Қауымдастығын» құру және өзекті жаңалықтарды жариялау. Корпоративтік кездесуларды және мерекелерді, біріккен мерейтойлық іс-шараларды ұйымдастыру, түлектердің кездесуін ұйымдастыру.

2018 жылы университетіміздің 20-жылдығын атап өту, әр жылғы түлектермен байланысты нығайту үшін әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылды, Қауымдастық жұмысына өз үлесін қосқан түлектер марапатталды.

WordPress Lessons