kzruen   info@almaty-university.kz    +77026005500      Версия для слабовидящих     

Алматы университетінде ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

            2019 жылдың  24 қыркүйекте  Алматы университетінде ҚР Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаевтың   Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық  диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі»  тақырыбындағы    Жолдауын талқылауға арналған жиналыс өтті. Жиналысқа университет проректорлары, құрылымдық бөлімдердің басшылары, профессор-оқытушылар мен білім алушылар қатысты.  

            Университет ректоры Мубарак Ермағанбетов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Қазақстан халқына  арналған  Жолдауының өзекті мәселелеріне тоқталды. Қасым-Жомарт Кемелұлының негізгі бастамаларына, оның ішінде ғылым, білім саласының мәселелерін кеңінен талқылады. «Педагог мәртебесі» заң  жобасы туралы да өз ойларымен бөлісті.  «Біз Президенттің жолдауында жүктелген стратегиялық  міндеттерді жүзеге асыруға бар күш-жігерімізді саламыз» – деді университет ректоры.

            Жиналыста  Жолдау бойынша оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректор Гульмира Нурлихина «Развитая экономика и новый этап социальной модернизации Республики Казахстан», «Педагогика және психология» кафедрасының профессоры, п.ғ.д., Шолпан Борантайқызы «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі», «Жаратылыстану және  гуманитарлық мамандықтар» кафедрасының доценті, т.ғ.к. Зарықбек Сламбекұлы «Заман талабына сай тиімді мемлекет», «Құқық» кафедрасының меңгерушісі, қ.ғ.м. Нақып Жылқыбек «Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету», «Экономика және бизнес»  кафедрасының доценті, э.ғ.к. Жамеш Ақымғазыұлы «Еліміздің әлеуметтік жаңғыру барысындағы негізгі мәселелер» және э.ғ.к., доцент Зауре Анарбекқызы «Развития и инклюзивная экономика» тақырыптарында  баяндама жасады.

           Кездесуде қатысушылар тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, Президентің Жолдауының міндеттері, жоғары деңгейде жүзеге асыру мәселелері бойынша қызу пікір алмасу болды.  Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы Гүлімхан Исмаилова  – еліміздегі студент жастарды қолдау бағытындағы атқарылып жатқан  іс – шаралар мен бағдарламалар турасында сөз қозғады. Сонымен қатар, тәрбие ісі жөніндегі проректоры  Сағат Құтбанұлы Әлдекенов Жолдаудың еліміз үшін маңызды екенін, күн тәртібіндегі көкейкесті мәселелерді уақытылы көтергені туралы айтып өтті.

           Талқылау соңында Жастар комитетінің белсенді мүшелері Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін хормен орындады. 

WordPress Lessons