kzruen   info@almaty-university.kz    +77026005500      Версия для слабовидящих     

Алматы университетінде профессор-оқытушылар құрамы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” атты жолдауын талқылады

Алматы университетінде профессор-оқытушылар құрамы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” атты жолдауын талқылады. Алғашқы кіріспе сөзді Университет ректоры x.ғ.д.,профессор Ермағанбетов Мубарак Ермағанбетұлы сөйледі, сонымен бірге модераторлық жасады.

– Елбасының жылсайынғы жолдауын қазақ елі айрықша ыждағаттылықпен күтетіні анық. Биылғы жолдауы да үлкен маңызға ие болып отыр. Біз оқу-ағарту саласында қызмет етіп жүргендіктен Елбасының Адами капиталға тоқталуы өскелең ұрпақ үшін үлкен маңызға ие болмақ,-деді.

Модератордың кіріспе сөзінен кейін алғашқы баяндаманы “Бизнес және құқық” кафедрасының деканы Батырбаев Нұрбол Мұxтарұлы жасап, жолдау мазмұнын баяндап, білім саласы бағытындағы басымдықтарға нақты тоқталып өтті.

Келесі баяндаманы Педагогика және псиxология кафедрасының меңгерушісі Карибаев Жасұлан “Жолдау біздің жарқын болашағымыз” тақырыбында жасады.

Жаратылыстану және гуманитарлық мамандықтар кафедрасының аға оқытушысы т.ғ.к., Селкебаева Айман “Адами капитал-білім саласын дамытудың басты кепілі” тақырыбында баяндама жасады. Адами капитал-жаңғыру негізі басымдығы бойынша жан-жақты толық мәлімет жасады. Жиын соңында баяндамашыларға университет оқытушылары мен профессорлары жолдауда көтерілген мәселелер бойынша түсінбеген сұрақтар қойды. Сонымен қатар, екіжақты пікіралмасу болды.

WordPress Lessons