kzruen   info@almaty-university.kz    +77026005500      Версия для слабовидящих

Алматы Университетінде «IQ-аламан » интеллектуалды сайысы өтті.

Алматы Университетінде «Информатика» мамандығының ұйымдастырумен 10.04.2019ж. “Жастар жылы-жаңа мүмкіндіктер бастауы” атты ҚР Президент жолдауына арналған жоғарғы оқу орындары студенттері арасында өткен   «IQ-аламан » интеллектуалды  сайысы өтті. Сайысқа «Алматы технология университеті» , «Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті»  және «Алматы Университетінің» 1 курс студенттері келіп қатысты.  
   Жалпы интеллектуалды сайыс 6 кезеңнен тұрады:
1.  «Таныстыру»;
2. «Құпия алаң»;
3. «IQ- logic»
4. «Жұмбақ шешу»;
5. «Magic square».
6. «Мақал- сөз мәйегі»
  Әр бөлімнен кейін әділ-қазылар алқасы топтардың жинаған ұпайларының қорытындысын айтып отырды. Аталған іс-шарада «Алматы технология университеті» 1- орын,  «Алматы Университеті»
 2- орын,  «Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті»  3- орын иеленді.     
 
WordPress Lessons