kzruen   info@almaty-university.kz    +77026005500      Версия для слабовидящих     

Алматы университеті мен тарих институты екі жақты келісімшартқа отырды

30 сәуір күні Алматы университетінің ректоры Ермағанбетов Мубарак Ермағанбетұлы мен Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының директоры Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы арасында ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды. Екі жақты келісім бойынша ғылыми-тәжірибелік конференцияларды ұйымдастыру мен өткізудің жаңа мүмкіндіктерін ашуға, дөңгелек үстел өткізуге, бірлескен жобаларға қатысуға және ғылыми баспа өнімдерін ұсынуға, магистранттардың ғылыми-тәжірибелік практикадан өтуіне, сондай-ақ әртүрлі профильдік мәселелер бойынша ғылыми коллегиалдық органдарға қатысуға күш біріктіру туралы мәселелер қарастырылды.

WordPress Lessons